№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖЕДЕЛ ІШЕК АУРУЛАРЫНАН ҚАЛАЙ САҚТАНУҒА БОЛАДЫ?

ЖЕДЕЛ ІШЕК АУРУЛАРЫНАН ҚАЛАЙ САҚТАНУҒА БОЛАДЫ?

Мейлінше жеке бас гигиенасын қатаң ұстануы тиіс. Өйткені, аурудың көзі адам болып табылады. Оған қоса, арудың қоздырғышын тасымалдайтын да адам. Сондықтан әрбір қарапайым дүниеге қырағылық танытқан абзал. Мәселен, дәретханаға барғаннан кейін, даладан үйге келгеннен кейін қолды сабындап тазалап жуу керек. Көкөністер мен жеміс-жидектерді пайдаланбас бұрын ағынсу астында мұқият тазалап жуған жөн. Сусынды пайдалану барысында да мүмкіндігінше қайнатылған суды салқындатып немесе сусынның сапасына кепілдік бере алатын арнайы ыдыстағы дайындалған суларды ішкен дұрыс. Сонымен қатар, аурудың алғашқы белгілері байқала бастаған сәттен, уақыт өткізбей медициналық ұйымдардың көмегіне жүгіну қажет. Әсіресе, қазіргідей күннің құбылып тұрған кезеңінде түннен қалып кеткен тағамдарды мүлдемпайдалануға болмайды.
Тез бұзылатын кондитерлік өнімдерді арнайы тоңазытқыштарда сақтауды ұмытпаңыз. Тағамдар мен көкөністерді, түрлы салат өнімдерін арнайы белгіленген санитариялық талаптарға сай сауда орындарынан алған абзал. Қарап отырсақ, мұның барлығы қарапайым ғана қағидалар. Осы қағидаларды бұлжытпай орындау арқылы түрлі аурулардың алдын алуға болады.
15 шілде 2018 ж. 1 029 0