№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Курткаңыз кірлесе пиязбен тазаласаңыз болады

Курткаңыз кірлесе пиязбен тазаласаңыз болады

Сырмасын жауып, түймелері болса оларды қадап қойған ыңғайлы болады.
Мамық күрте – қыста күнделікті ең көп киілетін киімдердің бірі. Сондықтан, жиі тазалауды қажет етеді. Әсіресе, жаға-жең секілді бөлшектері. Алайда, кішкене жері кірледі, дақ тиді екен деп жиі жууға да болмайды. Бұл күртенің тез тозуына, мамығының жұмырланып қалуына соқтырып, қызмет ету уақытын қысқартады. Қыс мезгілінде жуылған күртені кептіру де қиын. Сонда қайтпек керек? Бұл сұрақтың жауабы – куртканы жуусыз тазартуға болатын лайфхактар.
Бастапқы дайындық:
Қалталарын тексеріп, барлық затты алып тастаңыз.
Тазалауды ең қатты кірлеген тұстардан бастаңыз. Әдетте ол жаға, жең (шынтақ асты), өңірі, қалта ернеулері және жең бүкпесі болуы мүмкін.
Күртені иықілгішке іліңіз.
Сырмасын жауып, түймелері болса оларды қадап қойған ыңғайлы болады. Көпіршік кез келген дақты кетіре алады. Тек ол ескірмеген, жаңадан түскен кезінде тазарту керек. Ол үшін құрамында ағартқышы жоқ кір жуатын ұнтақ, кір сабын, ыдыс жууға арналған сұйқытық та жарайды. Қатты көпіршітілген ерітіндіге сорғышты (губка) малып, куртканың кірлеген тұстарын ысқылау керек. Курткаңыз ашық, ақшыл түсті болса, ондағы дақты кетіру үшін сутегі асқын тотығы мен мүсәтір спирті араласпасын қолданған дұрыс. Аталған екі сұйықтықты 1:1 қатынасында араластырып алыңыз. Оған мақта дөңгелекшесін батырып, дақты шетінен ортасына қарай бағыттай сүртіңіз. Соңында таза сумен шаю керек.
Ашық түсті киімге сары дақтардың тұрып қалуы жиі кездеседі. Курткаларда да солай. Бұл жағдайда лимон шырынының көмігені жүгініңіз. Дақ пайда болған бөлігін лимон шырынына шылап, 15-30 минут жібітіп қойыңыз. Содан соң сорғышты сулап, сүртіп алса болғаны.
Әдетте, жаға мен жең ұшына тұрып қалатын майлы кірмен мүсәтір спирті нәтижелі күреседі. 1 ас қасық спирт пен 100-150 мл суды араластырыңыз. Әсері жақсырақ болсын десеңіз, 1 тамшы ыдыс жуатын сұйықтық қосып жіберуге болады. Осы қоспаны киімнің кірлеген тұстарына жағып, 10-15 минутқа қалдырыңыз. Белгіленген уақыттан соң таза сумен шаю қажет.
Куртка матасының жылтырап кетуі де жиі жолығатын мәселе. Мұндай жағдайда 9% сіркесуы мен суды 1:1 қатынасында араластырып, сонымен ысқылап сүртіп алу қажет. Сіркесуының өткір иісінен арылу үшін куртканы бірден далаға іліп, бір-екі күн қойған абзал.
Курткаға жаңадан тамған май ізін кетіру үшін ертерек әрекет еткен дұрыс. Ұнтақ сеппе, ұн, майда ас тұзы – осылардың бірін май тиген жерге молынан сеуіп қойыңыз. Шамамен 20 минуттай ұстаған соң құрғақ ұнтақты қағып, тазалап тастау қажет.
Куртка жағасындағы майлы кірді кетіруге пияз да көмектесе алады. Ол үшін пиязды екі бөлікке бөліп, бірін киімнің жағасына қойып ысқылау қажет. Суы шығып, ол мата құрылымына сіңгенше ысасыз. Сосын осы қалпында 15-30 минуттай қойып қойыңыз.
Тек, пияздың сөлі кеуіп қалмауын қадағалау керек. Соңында жағаны ғана жуып, таза ауада кептіресіз.
Куртканың кірі бірден кетпесе, аталған әдістердің кез келгенін қайталап жасауға болады. Бірақ, екінші реттен соң да нәтиже жақсы болмаса, химиялық тазалауға жүгінгеннен басқа амал жоқ.
Сырт киімнің тазалығы мен балғындығын, қызмет ету уақытын ұзартқыңыз келсе, бірқатар ережелерді сақтауға тура келеді.
Кез келген дақты, кірді ұзаққа созбай, дер кезінде тазалап тастауға асығыңыз.
Қыс соңында сырт киімді міндетті түрде химиялық тазалауға беріп, содан соң барып жинаңыз.
Куртканың тазалауңға қолданған су ыстық емес, жылы болуға тиіс. Ыстық сумен сүртсе, мата тез түтеленіп кетеді. Қай әдісті таңдасаңыз да, алдымен оны күртенің ішкі бетіне қайырылған тұсына сынама жасап көруді ұмытпаңыз. Барлық тазалағыш қоспаларды курткаға мақта дөңгелекшесі немесе сорғыш көмегімен жағу қажет. Ал, қоспадан тазаларда микрофибрадан жасалған жұмсақ шүберекпен, гигроскопиялық матамен немесе сулы майлықпен сүрту керек.


26 ақпан 2020 ж. 756 0