№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚЫС МЕЗГІЛІНДЕ ГЕМОГЛОБИНДІ КӨТЕРЕТІН ТАҒАМДЫ БІЛЕСІЗ БЕ?

ҚЫС МЕЗГІЛІНДЕ ГЕМОГЛОБИНДІ КӨТЕРЕТІН ТАҒАМДЫ БІЛЕСІЗ БЕ?


Қан құрамындағы гемоглобин аз болса, адам әлсіреп, иммунитеті төмендеп, ауру-сырқауға бейім болады. Әсіресе, қыс мезгілінде гемоглобин төмендемеуін қадағалау қажет. Бұл жөнінде біз Массагет.кз сайтына сілтеме жасай отырып, тарқата айтып беретін боламыз. Қызылша мен анар, жемісіне қарағанда анар шырыны гемоглобин көтеруде бірінші кезектегі тағамдар екені айтпаса да белгілі. Сәбіз шырыны да қан көбейтуге жақсы әсер етеді. Жаңа сығылған сәбіз шырынынан күніне 300-400 мл ішіп отырсаңыз, пайдасы өте мол. Оны қызылша шырынымен және балмен бірдей мөлшерде араластырып ішсеңіз де болады.
Халуа. Бұл шығыс тәттісі көздің жақсы көруіне, онкологиялық ауруларды емдеуге пайдалы. Құрамында темір көп болғандықтан, гемолглобин деңгейін көтереді. Оны күнже, жаңғақ, күнбағыс дәнінің ұнтақталған түрінен жасайды.
Ол темір ғана емес, Е, В дәруменіне, фосфор, калий мен мырышқа бай. Пісте (фисташка). Сырамен қатар жүретін жаңғақтың бұл түрі де қан аздықпен күресуге көмектеседі. Ет. Қыс мезгілінде етті мейлінше көп жеу керек екенін барлығы біледі. Стейктің бөлігі бір күндік қуатпен қамтамасыз етеді, тоңбауға да септігін тигізеді. Бастысы, ақуыздар қан жасушаларын қалыпқа келтіреді. Сиыр, бұзау, қоян еті, бауыр мен тілді тамақтану тәртібіңізге енгізіңіз. Гемоглобинді қалыпта ұстау үшін күніне 50 грамм, ал көтеру үшін 100 грамм ет жеу жеткілікті.
Кепкен жемістер мен жаңғақтан жасалған қоспа. Мейіз, өрік, қара өрік және грек жаңғағын бірдей мөлшерде алып, майдалап, жақсылап балмен араластырып жасап қойыңыз да, күніне 6 мезгіл бір қасықтан жеп отырыңыз. Гемоглобиніңіз бірер ай ішінде көтеріледі.
12 қараша 2018 ж. 1 553 0