№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МӘМС бойынша онкосрининг қызметі тегін өткізіледі

МӘМС бойынша онкосрининг қызметі тегін өткізіледі

Қызылорда облыстық онкологиялық орталығының мәліметі бойынша, диспансерлік есепте 1132 адам тіркелген. ҚР-да-180 мыңнан астам адам.
Облыста қатерлі ісіктен өлім көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 53,5 құрады (427 жағдай). Республикада - 100 мың адамға шаққанда 76,0 (14 060 жағдай), ал ауру көрсеткіші – 100 мың адамға шаққанда 142,5 (ҚР - 100 мың адамға шаққанда 196,4).
Алайда, ерте сатысында анықталған  көптеген ісіктерді емдеуге болады. Бүгінгі таңда қатерлі ісік ауруының ерте диагностикасы жақсарғаны қуантады.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтарды міндетті медициналық сақтандыру аясында жылына бір рет әр сақтанушыға тегін тексеруден және кәсіби тексеруден өтуге шақырады.
Қазір елімізде ақысыз түрдегі скринингтің үш түрі бар: сүт безі қатерлі ісігі (40 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер үшін), колоректальды қатерлі ісік (50 жастан 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер үшін), жатыр мойны обыры (30 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер үшін). Скрининг тұрғылықты немесе тіркелген жері бойынша емханада тегін жүргізіледі.
Қазақстанда онкологиялық аурулардың ең көп кездесетін түрлері: сүт безі, өкпе обыры, колоректальды обыр, жатыр мойны және асқазан обыры.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі
13 ақпан 2020 ж. 741 0