№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Скрининг: сан сырқаттан сақтану жолы

Скрининг: сан сырқаттан сақтану жолы


Халық арасында «Еврей ұлты дәрігерге ауырмай тұрып барады, орыс ауырғанда барады, қазақ құлағанда барады» деген сөз бар. «Әзіл» деп қабылдасақ та оның астарында үлкен шындықтың жатқаны рас. Біздің халықта уақтылы дәрігерге бару қалыптаспаған. Тіпті, ауырып тұрсақ та дәрігерге қарала бермейміз. Осыдан-ақ, жоспарлы медициналық тексерулерге, мәселен, скринингтік тексеруге бармайтынымыз түсінікті. Жалпы, скрининг деген не? Оның қандай түрлері бар? Тексерілуден өтудің пайдасы қандай? Біз осы сауалдардың жауабын іздедік.

Халықтың нысаналы тобында ауруларды ерте анықтау үшін жүрізілетін медициналық тексеру – скрининг деп аталады. Ол ауруды ерте анықтау мен одан сақтандыруға бағытталған. Тексерудің бұл түрі біздің мемлекетте халыққа тегін ұсынылады. Егер әр тұрғын саналы түрде скринингтік тексерілуден уақытылы өтсе көп сырқаттың алдын алар еді. Әсіресе, онкологиялық аурулардың басым бөлігін ерте анықтауға болады. Өйткені, обырды дер кезінде анықтау ем-домның нәтижесін арттырып, пациенттердің өмірін ұзартуға, өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Мәселен, сүт безі обырын бастапқы кезеңде анықтаған жағдайда науқастың 94 процентін толық емдеп жазуға болады.
Мәліметтере сүйенсек, Қазақстанда онкологиялық аурулардың сүт безі, жатыр мойны, тік ішек, асқазан және өңеш, простата безінің қатерлі ісігі сынды түрлері кең таралған. Елде 2018 жылы сүт безі қатерлі ісігінен 315 әйел көз жұмған. Өкпе рагы 754 адамның, ұйқы безі обыры 202 науқастың өліміне себепші болған.
Айта кететіні, мемлекет бірқатар скрининг түрлеріне жыл сайын тұрақты түрде қаражат бөліп отырады. Мәселен, биыл скринингтік бағдарламаларға мемлекеттік бюджеттен 4,3 млрд. теңге бөлінген.

19 ақпан 2019 ж. 1 120 0