Жалғасын тапқан акция
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментініңұйымдастыруымен 2020 жылғы 11ақпанда Қызылорда уақытымен 11.00-13:00 аралығында «Antikor ortalygynda» «Халықтық заңгер» акциясы өтті.

Бұл акциядан азаматтар қала және аудан көлеміндегі бақылау-қадағалау, әлеуметтік, денсаулық, жер, тұрғын үй қатынастары, қаржы институттары және басқа да қажетті орган өкілдерінен тікелей керекті сауалдарына тиісті жауаптарын алды.