Кемпірқосақ қалай пайда болады?
Көктем - жауын жауып, табиғаттың көкке оранып құбылатын әдемі мезгіл. Жауыннан кейін көрінетін кемпірқосақтың шығуы да ерекше құбылыс. Осы кемпірқосақтың қалай пайда болатынын физикалық тұрғыдан біле жүрейік.

Кемпірқосақ дәл осындай спектр болып табылады. Бірақ біз оны жарық сәулесінің (призманың рөлін атқаратын) жаңбыр тамшылары арқылы өткен кезінде ғана көреміз. Жаңбыр тамшыларының арқасында күн сәулесі кемпірқосақтың барлық түстеріне ажырап, иілген спектр (доғасын) құрайды. Сол себепті кемпірқосақты жаңбыр жауып күн шыққан кезде ғана көре аламыз.
Алайда кемпірқосақты көру үшін күн мен жаңбырдың ортасында тұру керек. Сонда барлық сәуле спектрі көрінеді. Бірақ, күн тым жоғары тұрса көрінбеуі мүмкін. Себебі күн сәулесі біздің көзімізге параллель түспей, перпендикуляр түседі. Сондықтан кемпірқосақ әдетте күн төмен тұрғанда, таңертең немесе кешке жақын ғана көрінеді.