«Татуласу орталығында» азаматтарды қабылдау жүргізілді
Жаңақорған аудандық сотының халық арасында дауларды соттан тыс реттеудің жолдарын насихаттау мәселесі бойынша жұмыс жоспарына сәйкес Жаңақорған кентінде орналасқан «Татуласу орталығында» аудандық соттың судьясы И.Тұңғышбаев азаматтарды қабылдау өткізді.
«Азаматтарды қабылдау» іс-шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне сенімінің деңгейін көтеру, сот төрелігіне қолжетімді ету және татуласу рәсімдерін кеңінен насихаттау мақсатында өткізіледі. Сонымен бірге жергілікті халықты ақпаратпен қамтамасыз ету, сот билігінің беделін, ашықтығы мен жариялығын арттыру, БАҚ өкілдерімен азаматтардың сауалдарына жауап беру болып табылады.
Қабылдауға Жаңақорған ауданының тұрғыны келіп, өзінің шешілмей жүрген мәселелерімен кеңес алды.
Азаматша Д., жер дауы мәселесі бойынша өзін толғандырып жүрген сауалына жауап алды.
Қабылдауда болған тұрғынға заң талаптары түсіндіріліп, қазіргі таңда сот жүйесіне енгізілген жаңа технологиялар туралы айтылды.
Сонымен қатар, татуластыру рәсімдері аясын одан әрі кеңейту мақсатында жеке санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылып жатқанын, бұл пилоттық жоба дауларды сотқа жеткізбей шешуге бағытталғанын, жаңа жоба медиация институтының дамуына орасан зор ықпалын тигізіп, қоғамдағы дауларды азайтуда нақты нәтижелер беретіндігін айтып өтті.
Судьялардың халықпен жүздесуі азаматтарға дәйекті жауап алуға, әділ сот төрелігіне деген сенімді арттыруға мүмкіндік береді.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық отының баспасөз қызметі