«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » АҚҮЙІК НЕСІМЕН ЕРЕКШЕ?

АҚҮЙІК НЕСІМЕН ЕРЕКШЕ?

Ел алдында есеп берудің бесінші күнін аудан әкімі Сұлтан Мақашов Ақүйік ауылынан бастады. Одан әрі Шалқия кенті, Жайылма, Сүттіқұдық елді мекеніне жолы түсті. Оған Қызылорда облысы бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің басшысы Төреахмет Жолымбетов, аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Сопбеков және мәслихат хатшысы Ерғали Ильясов пен бөлім басшылары қатысты.
Ауыл әкімі Әскер Мұсаев жылды қорытындылау есебін жастар жылында атқарылған тындырымды істерден бастады. Одан әрі салық түсімдері және ауылшаруашық бағытындағы жеткен жетістіктерді жүйеледі. Ақүйіктіктер салық түсімдерін 100 процентке орындаған. Негізгі күнкөріс көзі мал шаруашылығы болып табылатын ауылда мал басының саны артқаны да сөз болды. «Бизнес Кеңесші», «Еңбек», «Бастау-Бизнес» жобалары аясында  барлығы 22 тұрғын оқып, сертификат алған. Олар осы күні тиесілі қаржы көзін алып, кәсіптерін жалғастыруда екен. Аудандық жұмыспен қаму орталығына 115 тұрғын тіркелсе, оның 50-і жұмыспен қамтылып, 11-і тұрақты жұмысқа орныққан. Ауылда 4 көшеге қиыршық тас төселсе, 1 көше асфальтталған.
Сондай-ақ елдімекен тұрғындарының игілігі үшін жалпы құны 150 млн теңгені құрайтын амбулатория пайдалануға берілген. Жеке кәсіпкер, ауыл тұрғыны Б. Бердиллаев мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында спорттық кешен салуды қолға алып, құрылысы аяқталған нысанды алдағы айда пайдалануға беретінін айтты.
Сонымен қатар ауылдық округте 1 мемлекеттік және «Балапан» бағдарламасы аясында салынған 2 жеке балабақша жұмыс жасайды. Онда барлығы 165 бала тәрбиеленуде екен.
Тұрғындардың негізгі мәселесі ауыз су болатын. Егер ауылды «Талап» топтық су құбырына қосу жұмыстары осы жылы аяқталса сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетін күн де алыс емес.
Ауыл әкімінің есебінен соң елдімекен тұрғыны Ұлбосын Бейсенбаева апатты жағдайда деп танылған тұрғын үйінің жанынан салынып жатқан жаңа үй құрылысына жәрдем болса деген тілегін жеткізді. Оған аудан басшысы тиісті мамандармен бақылауға алып, көмек қарастыратынын айтты. Ал аудандық мәслихат депутаты Рахымбаба Құтыбаев Ақүйік ауылының 90 жылдығы аудандық деңгейде аталып өтетіндей дәрежеде мәдени іс-шаралар жоспарына енсе деген тілегін жеткізді. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Әріпбек Асанов пайдалануға берілгелі тұрған спорттық кешенге аудандық спорт мектебінің филиалы статусы берілсе деген елдің тілегін жеткізді.
ТҮЙІН. Талдап-таразылай келгенде, төрт ауылдың тұрғындары да аудан басшысының өркендеуге бастаған бастамаларына оң бағасын берді. Шешімін күтер  ортақ қажеттіліктер де жоқ емес. Тұрғындар ауыз су, аяқ су, интернет желісінің жылдамдығы мен электр жарығы, ең маңыздысы көгілдір отынның игілігін көрсек деген ниеттерін де жасырмады. Ал бұл ретте аудан әкімі Сұлтан Мақашов халық тілеуі рет-ретімен орын-орынымен шешіледі деп айтқан сөзі ел көңілін бір көтеріп тастады.
Лаура БИБАСАРОВА

26 қаңтар 2020 ж. 1 079 0