«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » ЖАЙЫЛМАНЫҢ ЖАЙЫ ҚАЛАЙ?

ЖАЙЫЛМАНЫҢ ЖАЙЫ ҚАЛАЙ?

Ел алдында есеп берудің бесінші күнін аудан әкімі Сұлтан Мақашов Ақүйік ауылынан бастады. Одан әрі Шалқия кенті, Жайылма, Сүттіқұдық елді мекеніне жолы түсті. Оған Қызылорда облысы бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің басшысы Төреахмет Жолымбетов, аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Сопбеков және мәслихат хатшысы Ерғали Ильясов пен бөлім басшылары қатысты.
Елімізді қойып сырт аймақтарда да «Жайылма қарбызымен» танылған ауылда 1480 адам тұрады. Баяндамасын ауыл тұрғындарын толғандырған түйткілді мәселе №1 «Кәмшат» балабақшасына типтік жобадағы 50 орындық ғимарат салу қажеттігімен бастаған ауыл әкімі әрі қарай ауылішілік 4 көшеге орташа жол жөндеу жұмыстарына қаржы бөлуді сұрады. Жиделі топтық ауыз су жүйесі арқылы құбыр жүргізілмеген 4 көшеге сервистік жүйедегі су құбырын тарту жұмысы биылғы жоспарда бар екенін жеткізді.
Ал енді атқарылған мәселелерге тоқталайық. Ауыл тұрғындарының 14-і «Сыбаға» бағдарламасы негізінде 34млн.960 мың теңге жеңілдетілген несие алса, 15 азамат 5 млн. 302 мың қаржы көлемінде грантпен қамтылыпты. «Бизнес-Бастау» бағдарламасы аясында 16, «Бизнес-Кеңесші» жобасымен 7 азамат оқып, жұмысын жалғастыруда екен.
Егін шаруашылығы бойынша 14 шаруақожалығы мен жеке шаруалар 975 га жерге егіс егіп, өнімін алды. Жергілікті салық бойынша да меже орындалған. Әкім есебінен ел тұрғындары игілігіне мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында типтік жобадағы клуб үйінің құрылысы осы жылы басталып, 2021 жылдың наурыз айында пайдалануға берілетіні туралы да мән-жайға қанықтық.
Жастар жылы аясында орталық көшедегі спорт алаңқайы күрделі жөндеуден өтіпті. Ауыл жастарының қатысуымен тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, ағаш отырғызылған. Осы ретте ауыл әкімі Талғат Зейдалиев Еріктілер жылында жастар қауымына  көбірек басымдық беретінін жеткізді.

ТҮЙІН. Талдап-таразылай келгенде, төрт ауылдың тұрғындары да аудан басшысының өркендеуге бастаған бастамаларына оң бағасын берді. Шешімін күтер  ортақ қажеттіліктер де жоқ емес. Тұрғындар ауыз су, аяқ су, интернет желісінің жылдамдығы мен электр жарығы, ең маңыздысы көгілдір отынның игілігін көрсек деген ниеттерін де жасырмады. Ал бұл ретте аудан әкімі Сұлтан Мақашов халық тілеуі рет-ретімен орын-орынымен шешіледі деп айтқан сөзі ел көңілін бір көтеріп тастады.
Лаура БИБАСАРОВА

26 қаңтар 2020 ж. 1 110 0