№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

№29 (8740) 13

13 сәуір 2024 ж.

№28 (8739) 9

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » «ЖЫЛ ӨНЕРПАЗЫ»

«ЖЫЛ ӨНЕРПАЗЫ»

Биыл Бесарық ауылдық округінің өнер ұжымы облыстың «Үздік клуб» атағын жеңіп алды. Нақтысын айтқанда, Рашит Нәлтаев басқаратын бесарықтық өнерпаздар «Үздік ауылдық мәдениет үйі» аталымын иеленді. Бұл байқау 2016 жылдан бері облыс бойынша 174 ауылдық клуб арасында ұйымдастырылып келеді. Мақсат біреу, Сыр өнерінің байрағын бұрынғыдан да биікке көтеру. Ауыл мәдениет үйлерінің қызметін жандандырып, дара таланттардың жарқырап танылуына жол ашу.
Жалпы Рашит Нәлтаев клубқа 2002 жылдан бері жетекшілік етіп келеді. Бұл кешегі Тәуелсіздіктен кейінгі тоқсаныншы жылдағы тоқырауда оңтайландыру саясатының салдарынан қысқаруға ұшыраған ұжымдардың қайта ес жиып, жинақтала бастаған кезеңі еді. Сол уақыттан бері ауылдық клуб үйіне жетекшілік етіп, талай жастың талантына шырақ жақты. Ауыл ғана емес, аудан мәдениетінің дамуына үлес қосып жүрген Рашит Сейтбекұлы «Жыл өнерпазы» деген атаққа ие болды.
2005 жылдан бері Рашит Нәлтаевтың өзі де отбасылық ансамблін құрған болатын. Өзі бас домбырада, ұлдары Набидулла мен Асанханы және қызы Айбарша прима мен домбырада ойнап талайды таң қылған. Қазір бірі Нұрсұлтанда, бірі бас қалада әке жолын жалғап келеді.
01 қаңтар 2020 ж. 489 0