№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ПОЛИЦЕЙЛЕР ӘРІПТЕСТЕРІН ҰЛЫҚТАДЫ

ПОЛИЦЕЙЛЕР ӘРІПТЕСТЕРІН ҰЛЫҚТАДЫ


Қашанда қоғамдық тәртіпті қадағалауда, халықтың тыныштығын қамтамасыз етуде полиция қызметкерлерінің қызметі қауырт. Тұрғындар қауіпсіздігі, қылмыскерлерді құрықтау, заңсыздықтарды анықтау тәртіп сақшыларының негізгі міндеті. Осындай жауапкершілігі мол, абыройлы қызметте қалтықсыз қызмет атқарған әріптестерінің есімін ұлықтауды Жаңақорған ауданының полиция бөлімі дәстүрге айналдырды. №110 мектеп-лицейінде АПб-нің қызметкері Адырбек Искаков, Қуаныш Абитаев, Болат Махмутжанов, Серік Оразов, Даурен Матенов, Сабит Төлежанов, Хамза Әлімбековты еске алуға арналған шағын футболдан аудандық турнирі соның айғағы.
Дәстүрлі ала доп аламанына полиция қызметкерлерінен құралған командадан бөлек, өрт сөндіру және төтенше жағдайлар бөлімі мен аудандық соттан бес команда қатысып, өзара үздік ұжымды анықтады.
Жарыстың ашылу салтанатында полиция бөлімінің бастығы Ғани Тұрсекеев:
– Егемендік алған жылдардан бері аудандық полиция бөлімінде қаншама қызметкер табанды еңбек етті. Солардың арасында бүгін ортамызда жоқ азаматтардың еңбегі ерен еді. Бүгінгі күнге дейін жеті білікті мамандарымыздан мәңгіге қол үздік. Бірақ, олар бақилық болғанымен, артында олардың есімін өлтірмейтін ұл-қыздары, ағайын-туыс, бірге қызметтес болған ұжымдастары бар. Осы турнир алдағы уақытта да жалғасын таба беретін болады, – деді.
Одан кейін төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Берікбай Омаров пен марқұм Қуаныш Абитаевтың ұлы жарысты ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, командаларға сәттілік тіледі.
Сонымен көптен күткен жарыс та басталды. Тартысқа толы турнирде қарсыластарынан басым түскен әкімшілік полиция қызметкерлері бірінші орынға қол жеткізсе, жергілікті полиция бөлімі екінші орынды місе тұтты. Қола аудандық соттың жігіттеріне бұйырды.
– Жарыстың деңгейі жыл сайын жоғарылап келеді. Басты мақсат – арамыздан мәңгілік мекеніне аттанып кеткен әріптестердің орнынын жоғалтпай, оларға құран бағыштау. Бұл дәстүр әрдайым жалғасын таба беретін болады, – деді жарыс жеңімпазы, әрі аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары Айбол Жолдасбаев.
Жарыс соңында көпшілікке аудандық орталық мешітте марқұмдарға ас беріліп, құран бағышталды.
                                                                                             Әли ТЕМІРБЕК.
17 шілде 2019 ж. 603 0