Қандай бақыттысыз!..
Ол — өте әдемі, әрі пысық келіншек еді. Алайда, осыдан бірнеше ай бұрын — жол апаты салдарынан, өмір бойы көзі көрмейтін зағипқа айналды. Операциядан соң, әйелінің соқыр болып қалғанын естіген күйеуі «— Оны ешқашан тастамаймын. Аяғына дейін қолдау көрсетемін» деп, өзіне сөз берді.

Бір күні бар батылдығын жиып, енді әйелінің де жұмыс істеу керектігін айтады. Әйелінің үрейі ұшады.
— Мен соқырмын, білмеп пе едің!? Қалай жұмыс істей алады дейсің? — деп қатты ашуланады. Жолдасы оған қолғабыс болатынын, таңертең жұмысқа апарып, кешкісін жұмыстан өзі алып кететінін айтады. Әйел үмітсіздікпен келіседі. Өйткені, күйеуін жақсы көретін және оны ренжіткісі келмейтін. Осылай жұмысқа бірге барып, жұмыстан бірге қайтып жүрді. Көңіл күйі жақсара бастаса да, бұрыңғыдай әлі ашық, жарқын емес-ті. Күйеуі де осыны жақсы білетін. Бір күні:
— Жұмысым көп. Енді сені апарып, әкеле алмаймын. Өзің барып үйренуің керек, — дейді. Әйел ешқайда бармайтының, далаға жалғыз шығуға қорқатынын айтып жылайды. Бірақ, кейін осыған да келіседі. Енді аялдамаға дейін өзі барып, автобусқа отырып, жұмыстан өзі қайтатын болды. Осылай бір ай өтті. Бір күні автобусқа отыра бергенде, шопырдың «— Қандай бақыттысыз?!» деген сөзін естиді. Өзіне айтылғанын түсінген кезде «— Неге?!» деп сұрайды. Шопыр:
— Өйткені, сізбен бірге үнемі жолдасыңыз келіп, автобусқа мінеді де, артыңыздан — сізге үлкен мейіріммен қарап отырады. Сізден бұрын автобустан шығып, сіздің аман шығуыңызды, сосын бағдаршамнан аман өтуіңізді қадағалап жүреді. Сіз офиске кірген кезге дейін — сізге қолғабыс беріп, артыңыздан қалмай жүреді, — дейді. Келіншек қуаныштан көзіне жас алды..
Міне, адал махаббат деген осындай болар.