» » БІЛІМ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

БІЛІМ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

Жексенбілік демалыста тағы жолға шықтық. Жолбасшы Жаңақорған ауданының әкімі Сұлтан Мақашов. Делегация құрамында Жаңақорған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов пен білім бөлімінің басшысы Болат Ибрагимов бар.

Алдымен Ақүйік ауылдық округіндегі №55 С.Қожанов атындағы мектептің есігін ашты. Тоқырау жылдары аяқсыз қалған мектеп асар әдісімен аяқталған. Бүгінде 300 орындық мектепте 549 оқушы білім алады. 
Одан кейін Қыраштағы №180 Қызылмақташы мектебі, Қосүйіңкідегі №161 Ынтымақ мектебі, Бесарықтағы №54, №239 мектепке, Талаптағы №247 мектепке, Манаптағы №160 мектепке арнайы барды. 
Білім ордаларының тыныс-тіршілігімен танысып, оқушының қауіпсіздігіне қажетті бейне камераларды тексеріп, ғимараттың күтіміне мән беріп, мектеп ішілік әжетханаларды көрді. 
Асхана мен спорт залды, оқушының білімін шыңдауда маңызды тәжірибелік кабинеттердің мүмкіндігімен танысты. 
Сапар барысында белгілі болғанда, ХХ ғасырдың 70-80 жылдары бой көтерген бірнеше мектеп күрделі жөндеуден (мектеп сырты, іші) өтеді. Қай мектеп, қашан, қалай жөнделеді? Бұл жөнінде ресми органдар мәлімдер. Бір анығы, бірнеше жылда Жаңақорған ауданындағы мектептер толығымен заман талабына сай болады. 
Сондай-ақ МАИ бекетіндегі жаңа мектеп және √169 мектептің жаңа ғимараты алдағы жылы жүргізіледі. 
Қысқасы, білім беру мекемелерін мұқият аралаған аудан басшысы ауыл мен қала мектептеріндегі жағдайды теңестіруді қолға алмақ. Әсіресе, оқушылар қыс ауасында мектептен қашық орналасқан әжетханаға емес, мектеп ішілік әжетхананы қолдануы тиіс...
Мақаланың толық нұсқасын "Жаңақорған тынысы" газетінің алдағы нөмірінен оқи аласыздар.
08 желтоқсан 2019 ж. 862 0