№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әжетхананы бастауыш, жоғары сынып оқушылары бірдей қолдануы керек

Әжетхананы бастауыш, жоғары сынып оқушылары бірдей қолдануы керек


Төл газеттің 9 қарашада шыққан №87 (8305) нөмірінде «Бәсеке басы – білімде» атты мақалада аудан әкімі Сұлтан Мақашов мектеп директорларымен еркін форматта кездесіп, оқушыларға сапалы, білім, саналы тәрбие беріп, бәсекеге қабілетті қалыптастыру жолдарын талқылағаны жөнінде жазылды. Яғни мектепті таза ауыз сумен қамтамасыз етіп, мектеп ішінде жедел түрде әжетхананы құруды қатаң тапсырған-тұғын. Шыны керек, Тараз қаласындағы оқиғадан кейін республика бойынша әжетхана мәселесін шешу көтерілуде. Жаңақорғандық мектептер бұған ерте кірісті. Енді нәтижесін көзбен көріп, кем-кетікті тексерген дұрыс. Соған байланысты әкім жексенбілік демалыста жолға шықты.


Делегация құрамында Жаңақорған ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов, білім бөлімінің бас­шысы Болат Ибрагимов, баспасөз хатшысы Нұрбол Бакиров, аудан әкім­дігінің бас инспекторы Ерсұлтан Жанболат бар.
Алдымен Байкенже ауылдық окру­гіндегі №193 мектептегі жұмыстармен танысты. 1989 жылы 10 жылдық болып құрылған білім ордасының сыйымдылығы – 160 орындықты. Бүгінде 228 оқушыға 38 ұстаз білім береді.
– Тапсырмаңыз орынды. Оқушы ден­саулығы үшін аса қажеттілік. Осыны ескеріп екі аптаның ішінде әжетхананың орнын белгілеп, бітірдік. Су келіп тұр, оны жылытатын аристон қойылды, – деді директор Ермек Жұманұлы.
Ерлер және қыздар әжетханасын мұқият қараған әкім:
– Арнайы тазалаушыны бөліп, оған қосымша ақы төлеп, сағат сайын таза­лануына мән беру керек. Егер әжет­ханадан иіс шығып тұратын болса, оның қажеті қанша? – деді.
– 4 желтоқсаннан бастап мектептердегі әжетхананы береміз. Тазалыққа айрықша көңіл бөлеміз, – деп сөзге араласты аудандық білім бөлімінің басшысы Болат Ибрагимов.
– Қыстың аязды күндері мектептен қашық жердегі әжетхананы қолдану оқушының денсаулығына зиян. Ал адамның басты құндылығы – денсаулық. Олардың ішінде болашақ аналар, елдің тұтқасын ұстайтын білімділер бар. Осыған байланысты мектеп ішілік әжетхананы шешуді жолға қойдық. Республика бойынша енді қозғалыс басталды, – деді әкім.
– Дұрыс айтасыз. Оқушыға сапалы білім берумен қатар, олардың денсау­лығына да жауаптымыз. Мұны мектеп директорлары жауапкершілікпен қабыл­дап, шешулі жолдарын қарастырып, іске кірісіп кетті, – деді сала басшысы.
Аудан басшысы ауыз су ішетін орынды көріп:
– Әр оқушы өзімен су ішетін ыдысын әкелсін. Мұны ата-аналарға түсіндіру керек. Әр үзіліс сайын ондаған оқушы бір реттік стаканмен су ішуі тиімсіз. Біріншіден, гегиеналық талаптарға сай болмайды. Екіншіден, әр күн сайын жүздеген бір реттік стаканмен қамтамасыз ету оңай емес, – деді.
Директор оқушылардың қауіпсіздігі үшін мектепке бейнебақылау камерасы және төрт жарық шамы қойылғанын жеткізді.
Атқарылған жұмыстарға жоғары бағасын берген әкім Ақсуат елді мекеніндегі №245 мектепке барды. Директор Нұркен Тастемірұлы әжет­хананың жасалғанын, бірақ су жеткізу жағы қиын екенін айтты. Басшылық тарап «Талап-Сырдария» топтық құбыры арқылы су келгенше су жинайтын ыдыс (емкость) арқылы шешуді тапсырды.
2016 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының дамыту бағдарламасымен мүмкіндігі шектеулі балалар үшін көл жағасында демалыс орны ашылған болатын. Алайда демалыс кешені мақсатты түрде қолданылмады. Сұлтан Ысқақұлы демалыс орнын көріп, 2020 жылы мектеп оқушылары жазғы демалысын тиімді пайдалану мақсатында және аудан ардагерлерінің маусымдық демалыс орны етіп қайта құру жайын пысықтады.
Одан кейін әкім бастаған делегация Өзгент ауылдық округіндегі №224 мектептегі атқарылған жұмыстарды саралады.
Қожакент ауылдық округінде заманауи талаптарға сай спорт кешені бой көтеруде. Тәуелсіздік күні қарсаңында есігін ашатын әлеуметтік нысанның жұмысымен танысуды да ұмыт қалдырмады. Құрылтайшысы Изатулла Үсенов белгіленген мерзімде құрылыс жұмыстары толық бітетінін айтты. Белгілі кәсіпкер: «Спорт кешенінің 95 проценті бітті. Жұмысты сапалы атқаруға мән берудеміз. Мұнда футбол, күрес және бокс залы толық аяқталды. Енді спорт кешенінің ауласына тас төсеуде (брусчатка)», – деді.
Одан кейін Жаңақорған кентіндегі №51 және №163 мектептің әжетханасы мен ауыз су жүйесін көрді.
Әкім: «Әжетхананы бастауыш, жоғары сыныптың оқушылары бірдей қолдануы тиіс. Егер әжетханадан жағымсыз иіс шығатын болса, оның керегі қанша?!. Сондықтан сағат сайын тазалауды бақылауға алу керек. Бізге оқушының денсаулығы маңызды. Бұған мектеп директорлары мән беріп, жауапкершілік танытатынына сенемін», – деді.
М.Қаратаев атындағы №51 мектептің директоры Қалдыбек Ахметов әжетхана тазалығын назарда ұстайтынын жеткізді.
Шалқия кентіндегі «Тау самалы» балалар тынығу лагерімен танысты. Әрбір корпус пен асхана және т.б орындарды мұқият аралады. Аудан басшысы алдағы жылы лагерьдің ауласына жаңадан балалар спорттық ойын алаңқайын әкеліп, үрмелі бассейін қоюды жоспарлады.
P.S.: Әкім ел арасына шығып, қарапайымдылығы мен кішіпейілділігін көрсетті. Әрі қойылған талап-міндеттерін өзі бақылайтынын көрсетті.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
04 желтоқсан 2019 ж. 626 0