№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Жастар әскерге баруға неге құлықсыз?

Жастар әскерге баруға неге құлықсыз?


Аудан әкімдігінде өткен алқа мәжілісінің күн тәртібіне сегіз мәселе қаралды. Олардың қай-қайсы да өзекті. Яғни бюджетті тиімді игеру, қыс-көктем мезгілінде қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру, жылу беру маусымына дайындық және т.б пысықталды. Соның ішінде күзгі әскерге шақыру науқаны мен 2020 жылы өтетін жалпыұлттық санаққа дайындық жайына арнайы тоқталуды жөн көрдік.
Бала күнімізде үстінде жауынгер киімі, басында фуражкасы, аяғында әскери керзі етігі бар ағалардың аза­маттық борышын өтеп, ауылға оралғанын көріп қызығатынбыз. Ағайын-туыс тойлатып, азамат болғанымен құттықтайтын. Ол кезде әскерге барма­ған жігіттер көшеде қысыла жүрсе, ал әскери борышын өтегендер алшаң басып, еңсесі тік болатын. Сол кездегі әрбір бала әскерге баруды армандайтын. Арада жиырма жылдан аса уақыт өтті. Құндылықтар өзгерді. Енді әскерге баруды қаламайтындар көбейді. Бұл жөнінде әлеуметтік желіде сауалнама жүргіздік.
Фейсбуктің белсенділері өз ойларын білдірді. Соның бірі – Құралай Дәрмен. Оның пікірінше, жастардың ерік-жігері, патриоттық рухы төмен. Оған жаһандану үрдісінің әсері бар және жеңіл өмірдің құрбаны болуда. Ал Индира Дүйсенова есімді әлеуметтік желінің қолданушысы: «Жастар отан алдындағы парызды орындамақ түгілі, ата-ананың алдындағы міндеттердің парқын түсіне бермейді. Оған отбасын басқаруда матриархаттық жүйенің қалыптасуы әсер етуде», – дейді. Талап Тотаев болса престиж жоғалғанын, ертеректе әскерден қашан келетінін күтсек, қазір барып-қайтқанын білмей қалатынын алға тартты. Сыргул Молдараймова есімді әлеуметтік желінің белсендісі: «Елге, жерге, Отанға деген құрмет пен сезімді дәріптеу идеологиясы жоқ. Елдің тұтқасы өзі, яғни негізгі құраушы ұлт екенін сезіне алмай жалтақтап өскен баладан не сұрауға болады?!». Айнұр Бақтиярдың жазуынша, әскери борышын өтеуден қашатын босбелбеулер жоқ емес. Олар әскерге бармаудың сан түрлі жолын тауып, «қолдан жасалған» ауруын сылтауратып, намыссыздығын көрсетіп жүргені талай рет талқыға түсті. Ондайларға заңды қатайту керек. Одан басқа амал жоқ.
«Өскен өңір» газетінің бас редак­торы Нұрболат Пірімбет те фейсбукта пікір білдірді. «Оның себебі тереңде. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары әскерге құлшынып тұрған жігіттердің жігері құм болғанын көз көрді. Сол кездері әскерге алмағанына өкініп, жылап қалып жататын. Тіпті әскерге ақша беріп баратын. Сап-сау азаматтарды «психологиялық ауытқуы бар» деген желеумен әскерден шеттетті. Осы жағдайлар жігіттердің ынтасын, құлшынысын төмендетті-ау», – деді қаламгер.
Одан бөлек, жастардың әскерден жалтаруында әлеуметтік жағдайдың да әсері бар.  Павлодар қаласындағы немере інім ауылға келді. Еңбек демалысына шығыпты. Қалада өскендіктен ауылға келуге құмар емес-тін. Солтүстікте әскерге себепсіз қалғандарға қатаң шара көреді. Сондықтан ауылды паналап жүр. Оданәскергенегебарғысыкелмейтінінсұрадым. «Уақытжоғалтқымкелмейді. ТөртжылбұрынПавлодарқаласындакредиткеүйалдық. Әкемніңжалақысыайсайынғакредиткежетпейді. Оғаназық-түліккеқажеттіліктіесептеңіз. Мензауыттажұмысжасаймын. Әкеме қолғабыс болып жүрмін.
Әскерге кетсем үйге кім көмектеседі?»,  – деп уәжін білдірді.   
Хош. Себеп-салдарын саралап көрдік. Бірақ мұның бәрі жастардың әскерден босатуға негіз бола алмайтыны ақиқат. Жастар отанды қорғамаса елдігіміз қайда? Озық отыз елдің қатарына қалай қосыламыз?
Енді Жаңақорған ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы Рамазан Назаровтың баяндамасына тоқсалсақ.
2019 жылдың күзгі мерзіміне Жаңақорған ауданы бойынша әскери қызметке 93 шақыру келсе, 65-і әскер қатарына жіберілді. Оның 19-і шекара қызметіне, 35-і қарулы күштер қатарында қызмет етеді. Әлі бір мемлекеттік күзет қызметіне, 36-ы ұлттық Ұлан қатарына жіберу жоспарда бар. 
Жаңақорған кенті бойынша 30 жас әскерге шақырылса соның 21-і аттанды. Жоспар бойынша Аққорған мен Төменарықтан 10 азаматтан баруы тиіс. Алайда 8 аққорғандық, 4 төменарықтық жас әскерге баруды дұрыс көріпті. Ақүйік, Қаратөбе, Қосүйіңкі, Қыраш, Сүттіқұдық, Талап ауылдық округінен бірде-бір азамат күзгі шақырымда военкомат есігін ашпапты.
– 2 қыркүйектен 26 желтоқсанға дейін 18 бен 27 жас аралығындағы азаматтарды әскер қатарына шақыру жүруде. Жауапты науқанға бей-жай қарайтын әкімдер бар. Оларға ескерту берсеңіз, түрлі сылтауды желеу етеді. Жастардың көбі ауданда медициналық тексеруден өткенде әскерге баратынын білдіргенімен, облыстық деңгейге барғанында әскерге бармаудың түрлі амалдарын жасайды. ҚР Қылмыстық Кодексінде әскер қатарына барудан жалтару деген 387 бап бар. Әскерге себепсіз бармағандар осы баппен қылмыстық іс қозғаймыз. Яғни 1000 АЕС көлеміне дейін айыппұл салынады немесе бір жыл бас бостандығынан айыру, шектеу жазасы кесіледі, – деді Рамазан Оңласынұлы.
Аудан басшысы әскерге шақыру науқанына бей-жай қарап отырған кент және ауылдық округ әкімдеріне жүйелі жұмыс жасауды тапсырды.
Тағы бір жауапты науқан – жалпыұлттық халық санағы. Жаңақорған ауданы бойынша Статистика басқармасының басшысы Нұрлан Аймаханов маңызды науқанға ақпараттық технологиялардың қолданылатынын жеткізді.
Қазақстанда соңғы жалпыұлттық халық санағы 2009 жылы 25 ақпан мен 6 наурыз аралығында өтті. Тәуелсіздік алғалы екінші рет өткізілген халық санағы бойынша Қазақстан тұрғындарының саны – 16 миллион 196 мың 800 адам болғанын көрсетті. Қазақстан статистика агенттігінің ұлттық санақ қортындысы бойынша қазақтардың саны 1999 жылғы санақпен салыстырғанда 26,1 процентке өскендігі белгілі болды. 2020 жылдың санағы қазан айында өтеді. Халық санағын 30 мың адам жүргізеді. Оның ішінде нұсқаушы-бақылаушылар мен сұхбат алушылар бар.
– 2020 жылғы жалпыұлттық халық санағы алдынғысынан айырмашылығы ақпараттық технологиялар кеңінен қолданылады. Атап айтқанда, санақтың алғашқы 15 күні интернет желісі арқылы онлайн режимінде жүргізіледі. Сондықтан елді мекендерде жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету маңызды. Оның үстіне, бұл науқан ауыл тұрғындарының компьютерлік сауаттылығын айқындайтынын ескерткім келеді, – деді Нұрлан Ермұратұлы.
Ауданның бас статисінің сөзінше, жалпыұлттық сынақты сапалы жүргізуге барлық деңгейдегі әкімдер мен мекеме басшылары бірлесе атсалысуы тиіс. Бүгінде атауы өзгертілген көшелерге үйдің нөмірі қойылмағандары көп. Сондай-ақ, қайтыс болған адамдар статистикалық базадан әлі өшірілмеген. Мұның бәрі санақтың сапалы жүруіне кедергі келтіреді.
Аудан әкімі Сұлтан Ысқақұлы елдің келешектегі стратегиялық басымдығын айқындауда маңызды саяси науқанға әрбір жаңақорғандықтың белсенді қатысуын шақырды.
– Тарихымызға көз жүгіртсек, алғаш халық санағы 1897 жылы жүргізілсе, уақыт өте келе заман талабына сай халық санағының мақсаты да, саясаты да әртүрлі болды. Ең алғашқы санақ Ресей империясының мүддесіне орай жүргізілсе, одан кейінгі санақтар социализмнің жетістіктерін мадақтады. Тек Тәуелсіздік жылдары елдік мүдде, мемлекеттік мұрат мақсатында санақтар жүргізіле бастады. 2020 жылғы халық санағының нәтижесі елдің соңғы жылдарғы жетістіктерін саралап, халықтың демографиялық жағдайын айқындайды. Сондықтан саяси оқиға – халық санағына жауапкершілікпен қарау әрбір жаңақорғандық үшін абыройлы міндет деп есептеймін, – деді әкім.
P.S.: Жауапкершілік жетістікке жету жолындағы ең қажетті элементтердің бірі. Ол кез-келген өмірлік салада, кез-келген алға қойылған мақсатқа қол жеткізерде ауадай қажет. Олай болса, жауапты науқандарда жауапкершілік танытуды басшылыққа алайық, ағайын!
Нұрлат Байгенже
07 желтоқсан 2019 ж. 1 202 0