Қазақстаннан көшкендердің саны артқан
Қаңтардан қыркүйекке дейін Қазақстаннан 34 мыңнан аса адам көшіп кеткен. Неге? 2019 жылдың үш тоқсанында (қаңтардан қыркүйек айына дейін) Қазақстаннан 34,2 мың адам көшіп кетті, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,3 пайызға артық, деп хабарлайды Ranking.kz.
Сонымен қатар, Қазақстанға осы уақытта тек сегіз мың адам келген, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 14,4 пайызға аз. Елден көшкендердің басым бөлігі қала тұрғындары: 28,8 мың адам немесе көшкендердің жалпы санының 84,1 пайызы. Ал ауылдан 5,4 мың адам көшіп кеткен. 2019 жылдың басынан бергі тоғыз айда 30,4 мың адам Ресейге көшкен. Ал ол жерден 2,2 мың адам керісінше Қазақстанға көшіп келген.
Қазақстандықтар қоныс аударған екінші ел - Германия. Ол жерге 2,1 мың адам көшкен. Үшінші орында - Беларусь (297 адам). Сондай-ақ, бестікке Өзбекстан мен АҚШ кірді, онда тиісінше 220 және 190 адам көшкен. Қазақстандықтар сонымен қатар, Қырғызстанға, Израиль, Қытай, Түркия және Канадаға жиі кетеді.
Өңірлер бойынша шетелге ең көп кететін облыс тұрғындары - Шығыс Қазақстан (5,4 мың адам), Қарағанды (4,8 мың адам) және Қостанай (4,3 мың адам). Сондай-ақ, бестікке Павлодар (4,2 мың адам) және Солтүстік Қазақстан (3,3 мың адам) облыстары кірді.