Соңғы жаңалықтар

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » «Халық заңгері» науқаны өткізіледі

«Халық заңгері» науқаны өткізіледі

Құрметті аудан тұрғындары!
«Халық заңгері» науқанын өткізуге Қазақстанның барлық ірі қалалары дайындық үстінде. 22 қараша күні сағат
16:00-де Қазақстанның барлық қалаларында «Халық заңгері» атты жалпы ұлттық науқан басталатынын хабарлаймыз. Біздің мақсатымыз осы науқан арқылы –халықтың құқықтық сауатын арттыру. Кез келген азамат келіп, заңгерлік қоғамдастықтың үздік өкілдерінен қажетті кеңестер ала алады. Олардың қатарында танымал заңгерлер, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, полиция қызметкерлері, әділет қызметкерлері, көші-қон полициясы, жылжымайтын мүлікті тіркеу бөлімдерінің өкілдері, мемлекеттік органдардың басшылары және т.б. қатысады. Науқанды ұйымдастырушылар – zakon.kz интернет-басылымы, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және Параграф ақпараттық жүйесі.
Сонымен қатар бұл науқанды Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары қолдады. Осы жылдар ішінде «Халық заңгері» науқаны қарапайым Қазақстандықтар үшін дәстүрлі және сүйікті жобаға айналды. Жаңақорған ауданы бойынша «Халық заңгері» науқаны өткізілетін мекен-жайы: Жаңақорған кенті, Б. Майлин көшесі №7. «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Өтетін күні: 22 қараша 2019 жыл, сағат 16:00-де. Бүгінгі таңда, ауқымы мен географиялық көлемі жағынан «Халық заңгері» науқанының тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде де теңдесі жоқ.



15 қараша 2019 ж. 659 0