№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сурет таңдап, өзіңізді таныңыз (психологиялық тест)

Сурет таңдап, өзіңізді таныңыз (психологиялық тест)


Үш суретке мұқият қараңыз. Жаныңыз жақын тартқан біреуін таңдап, нөміріне сәйкес сипаттамасын оқыңыз.


1. Жараланғыш, арманшыл, сезімтал Сіз барлығынан жақсы жағын көруге тырысасыз. Жүрегіңіздің үніне құлақ түресіз. Жеке өмірде бірнеше рет аузыңыз күйген, сонда да үрлеп ішейін демейсіз, эмоция мен сезімге берілген жансыз. Өмірге реалистік көзбен қарағыңыз келмейді, одан бұлт үстінде қалықтап жүруді қолайлы көресіз. Жаныңыз шығармашылыққа жақын, әлемді жақсы бағытқа бұра аласыз. Ұстанымдарыңызға адал болыңыз, адамдардың мойныңызға отыруына жол бермеңіз. Әлдекім сізді ренжітер болса, оны өміріңізден сызып тастаңыз.

2. Күтпеген әрекетке баратын, көңілді әрі батыл жан Сізге бір орында отырудан қиыны жоқ. Күнделікті бір іспен айналыса берсеңіз, солып қаласыз. Үнемі тәуекелге баратын, көңіл көтеретін істермен айналысуыңыз керек. Әр күніңіз мереке секілді, сізбен жүргенде ешкімнің іші пыспайды, мұны барлығы мойындайды. Ешкімнің ойына келмеген әрекеттерді істейсіз, бірақ қателік жасасаңыз, оны мойындауыңыз қиын. Әр минутыңыз бен секундыңыз үшін қуанасыз. Өткенмен өмір сүру сіздің еншіңізде емес.

3. Сенімді, күшті, ерекше жаратылыс Сіздің креативтілігіңіз бен ұшқыр қиялыңызға өзгелер қызыға да қызғана қарайды. Кез келген жағдайда судан құрғақ боп шыға аласыз. Ешкімге сене алмайсыз, барлық мәселені өзіңіз ғана шешесіз. Әлдекімнен көмек сұрау дегенді білмейсіз, намысыңыз биік, ешкімге тәуелді емессіз. Өмірлік стиліңіз бен еркіндігіңізді қадірлейсіз. Көпке ұқсамайсыз. Ұйымдастырушылық қабілетіңіз жоғары дамыған. Дегеніңізде тұратын және адамдарды өзіңізге баурап алатын қасиетіңіз мансап жолында көп көмектеседі. Бірақ жеке өмірде де нағыз бақытқа лайық екеніңізді ұмытпаңыз.

Материал vk.com әлеуметтік желісінен
13 қараша 2019 ж. 1 897 0