Соңғы жаңалықтар

Көк жөтел ауруы жайлы.

26 сәуір 2024 ж. 77

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Сен. Иә сен. Ақындар мүшайрасынан құр қалма

Сен. Иә сен. Ақындар мүшайрасынан құр қалма

«Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінің 90 жылдығы аясында «Атыңнан ­айналайын, Атамекен!» атты облыстық ақындар мүшәйрасы өткізіледі.
Е Р Е Ж Е С І

Мүшәйраның мақсаты:
Алаштың анасы атанған киелі Сыр өңірі дәуірлер сипатын ашатын тарихқа да, данышпан би-шешендерінен, батырлары мен ақындарынан қалған асыл мұраға да бай. Рухани жаңғыру бағдарламасы бо­йынша сондай жәдігерліктерімізді ұрпақ бойына сіңіруге ауқымды жұмыстар жүргізіліп келеді.
Мүшәйраға қатысушы ақын атамекеніміздің қасие­тін, аталарымыздың өсиетін жырмен кестелеп жеткізуге міндетті. Сонымен бірге, «халықтың тілі, көзі һәм құлағы» болған аймағымыздың ата басылымдары туралы да сыр толғауы тиіс.
Ақындар мүшәйрасы ұлтымыз­дың басты тәрбие құралы болған  халықтың салт-дәстүрін, туған же­ріміздің ыстық келбетін өрнектеу арқылы санамыздың рухани жаңғыруын мақсат етеді.
 
Мүшәйраның талаптары мен шарттары:
-  Мүшәйраға 18-40 жас аралы­ғындағы ақындар қатыса алады.
- Қатысушы мүшәйрада оқылатын өлеңін алдын ала көрсетілген мекен-жайға жіберуі қажет.  
- Ақын өз даусымен екі өлең оқиды, екеуі де көрсетілген тақырыптарды қамтуы тиіс.
-  Мүшәйраға арнайы сараптаудан өткен ақындардың шығармалары жіберіледі.
Жеңімпаздарды анықтау және марапаттау:
Мүшәйраның өту барысында қазылар алқасы төмендегі талап-талғам бойынша жұмыс   жасайды:
- Өлеңнің тақырыбы және құ­рылымы;
- Тіл тазалығы мен ақынның тақырыпты жеткізу шеберлігі;
- Автордың оқу мәнері мен аудиторияға әсер етуі;
- Қатысушының өзін сахнада ұстау мәдениеті;
- Озық өлеңдерге 3 орын (1, 2, 3-орын) және ынталандыру сыйлықтары беріледі.
 
Қазылар алқасының ше­шімімен үздік деп танылған шығармалар ақшалай сыйлықпен және дипломдармен марапатталады. 
Мүшәйраға ұсынымдар 22 қарашаға дейін қабылданады. 
Мекен-жайымыз: Қызыл­орда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі 4 «А». Байланыс телефондары: ­40-11-10 (1038,1033) е-mail:syrboyi@yandex.kz, aiashuly_62@mail.ru

Ескерту: Мүшәйра 28 қараша күні сағат 10-да А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде өтетін қос газеттің мерейтойына арналған конференция барысында ұйымдастырылады. 

Ұйымдастыру алқасы.
11 қараша 2019 ж. 790 0