№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Шартты түрде сотталғандар шағын бизнеске ынталы

Шартты түрде сотталғандар шағын бизнеске ынталы


Аудандық пробация қызметінде есепте тұрған 6 адам «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы арқылы «Бастау-бизнес» жобасы бойынша білім алып, арнайы сертификат иемденген. Бірқатары кәсібін бастау мақсатында 252 000 теңге көлеміндегі гранттың иегері болған. Бұл туралы аудандық прокуратураның аға прокуроры Бағдат Жүсіпбеков мәлімдеді.


Прокурордың айтуынша, құқықтық және әлеуметтік мемлекетте адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау басты орында. Бұл қағида жаза өтеуші сотталғандарға да қатысты толық мәнге ие.
– Сотталғандардың бас бостандығын айырумен байланысты емес жазаны өтеу барысындағы құқықтарын қамтамасыз етуде пробацияның алатын орны ерекше. Пробацияның мақсаты – заңмен немесе сотпен белгіленген міндеттерін орындауларын бақылау арқылы әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталғандарды түзеу жолына түсіру. Оған қоса, қайта қылмыс жасаудың алдын алу, шартты түрде сотталғандардың жалпыға ортақ әлеуметтік, моральдық және құқықтық нормалардың сақталуы болып табылады, – деді Бағдат Садықбекұлы.
Сондай-ақ аға прокурор сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің басым бағыты – білім алуына, кәсіп түрлерін игеруіне, жұмысқа орналасуына, емделуіне және құқықтық кеңестер алуына жағдай жасау екенін атап көрсетті. Себебі, қылмыс жасап, өзін қоғамға қажетсіз сезініп, алдағы өмірінен үміт үзген адамдар аз емес екен.
Сондықтан, аудан прокуратурасы пробация қызметі есебінде тұрған тұлғаларға пәрменді әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жөнінде уәкілетті органдарды бағыттайтыны белгілі болды.
– Бүгінгі таңда аудандық прокуратураның үйлестірумен пробация қызметімен аталған шараларды жүзеге асыру жандандырылған. Биыл есептегі 30 тұлға жұмыспен қамтылса, 43-і құқықтық көмек алып, 111 есептегі тұлғаға медициналық көмек көрсетілді. Оған қоса, 6 адам «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы арқылы «Бастау-бизнес» жобасы бойынша білім алып, арнайы сертификатқа ие болды. Оның ішінде, бірқатары кәсібін бастауға мемлекет тарапынан 252 000 теңге көлеміндегі грант алды, – дейді аға прокурор Бағдат Жүсіпбеков.
Айта кететіні, бұл бағыттағы шаралар әрі қарай жалғасын тауып, тағы 4 сотталған адам кәсіпкерлікпен айналысуға тілек білдіруіне байланысты қысқа мерзімді оқыту курсында білім алып жатқаны белгілі болды. Осылайша, тура жолдан адасып, жазалы болғандарға қолдау көрсету пробациялық бақылаудың нәтижелі жұмысын айқындады.

Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ
30 қазан 2019 ж. 736 0