Соңғы жаңалықтар

Қызылша ауруы жайлы!

20 тамыз 2025 ж. 322

№62 (8876) 19

19 тамыз 2025 ж.

№61 (8875) 16

16 тамыз 2025 ж.

№60 (8874) 12

12 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Ақылды еріншек

Ақылды еріншек

Бір орманда екі адам ағаш шабады екен. Бірінші адам таңертең ерте ұйқысынан оянып, бір ағаш шапса, дереу екіншісіне өтіп тыным таппайды. Таңнан қара кешке дейін дәл осылай еңбектеніп, тынығу дегенді білмейді. Тіпті түскі тамақты да ұмытып кететін болыпты.
Кешкісін әлгі досынан бірнеше сағат кейін үйіне қайтады екен. Екінші адам болса, ағаш шауып түсірген сайын біраз отырып тынығып, қас қарая бастағанда, үйіне қайтып кететін болыпты. 
Бір апта бойы осылай еңбектенгеннен кейін, бір апталық ағаштарын санайық депті. Нәтижесінде, екінші адамның шапқан ағаштары көбірек екендігі мәлім болыпты. 
Бірінші адам ызаға булығып, қасындағы адамнан мұның сырын сұрайды. Екінші адам азғана езу тартып былай деп жауап қатады: 
– Мұның анау айтқандай сыры жоқ. Сен тынбай еңбектенесің. Ал мен кей-кейде тынығып отырып, балтамды қайрап алам. Өткір балтамен жұмыс істеу жұмысты жеңілдетеді әрі шаршамайсың. 
Ғибратнама: Өз-өзіңді жетілдіру, балтаны қайрағанға ұқсайды. Өз-өзімізге уақыт бөліп, істің көзін табуымыз керек. Кемшіліктеріміз болса толықтырып жетілдіре түсуіміз қажет. Бұл рухани жан-дүниеміз бен ой-өрісіміздің кеңеюіне көп септігін тигізеді.
25 қазан 2019 ж. 1 457 0