№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Несиенің тауқыметі

Несиенің тауқыметі

Картинки по запросу несиенің тауқыметі 

Асаба:
– Бүгінгі тойда қол соқпай отырған қазақтардың кредиттерінің (несиесі) пайызы өсіп кетсін, ал, қол соғып, қошемет көрсетіп отырғандардың кредиттері компьютерден өшіп кетсін», – деп ұрандатуда.

Жастарды құттықтап тұрған мейман:
– Құрметті жастар өмірде бақытты болыңдар...
...«Тіршіліктің қадірін өлер кезде білерсің,
Кредиттің қадірін төлер кезде білерсің!» демекші Алла бастарына кредит алуды жазбасын», – деп кеңес береді.
Бүгінгі қазақ тойының жалпы көрінісі.
Демек, кредит қазақтың өмірінің ажырамас бөлігі болған.
Олсыз той өткізе алмаймыз, тойда кредитті қоспай құттықтау сөз сөйлемейміз. Кредитсіз автокөлік пен баспана ала алмаймыз.
Жалпы бүгінгі қазақтың күні кредитке байланып, өмір салтына айналғандай
Бірақ, осы кредиттің тауқыметін, шариғи үкімін түсінгіміз келмейді.
Бірінші тауқыметіне тоқталсақ:
– Көптеген жас отбасы өздерінің үйлену тойларына алған кредиттерін әлі төлеп жүр. Осы уақыт аралығында сол отбасына тиесілі болған тамақ, киім, ата-анасына сый жасау дейтін жағдайлардан құр қалды сол отбасылар. Тапқан-таянғанын банк кассасына төлеп келеді. Осы үшін талай ұрыс-керісті өткерді. Соның нәтижесінде жас отаулардың талайы айырылысып жатыр.
– Бүгінде кредитке жаңа көлік алғандар аз емес. Бірақ, темірден жасалған мүлік қанша жаңа болса да бұзылмай, сыңбай тұрмайды. Мәселен, нағашы ағам өткен жылы кредитке шетелдік автокөлік алған болатын. Алматының кептелісіне бойы үйренбеген нағашым көлігін соғып алыпты. Оның өмірін жеңілдетуі тиіс көлік, қырсық шылып, оның қалтасын біраз жұқартты. Ақыр аяғында шетелдік жеңіл көлікті сатып құтылды. Бірақ, банкке төлейтін ай сайынғы қомақты қаржысы әлі бар көрінеді.
– Жақында бір азаматтың өз бүйрегін саудаға салып жүргенін интернеттен оқып мынаның «есі дұрыс па?», – дестік. Оның есі дұрыс екен, тек кредиті өлтіріп барады. Ол үшін – денсаулық, болашақ, отбасы маңызды болмай қалған. Бар ойы – бүйрегін саудаласа да, ипотекалық кредитінен құтылу.
Шариғаттағы үкімі:
– Алла Тағаланың қасиетті Құранындағы, «Бақара» сүресінің 275-аятына көз салшы: «Алла сауданы халал, өсімді харам етті», демей ме?..
Осының өзі есті адамға көп нәрсені түсіндірсе керек.

P.S.: Жоғарыда айтқан жағдайлардан кредиттің тауқыметі мен азабын түсінер. Сосын, адамға сансыз күнә жасататын банктерге жоламас.
Әй, қайдам?! Бірақ, нарық талабына бағынған замандастар банк есігін әлі талай тоздырар...

20 қазан 2019 ж. 743 0