№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

№87 (8798) 2

02 қараша 2024 ж.

№86 (8797) 29

29 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » » Әлемнің мәні – әйелде...

Әлемнің мәні – әйелде...


Әйел – қадірлі ана, ардақты жар, инабатты қыз, ибалы келін. Бұл ойды Әл-Фараби де қуаттайды. «Әйел заты қашан да еркектің еркін билеп, оның жоғын оңға бастауға да, теріс келтіруге де, бақытқа кенелтуге де, мерт қылуға да тікелей себепкер болып отырады», – деді әлемнің екінші ұстазы.

Ал, Балзак: «Ұлттың болашағы әйелдің қолында», – деп әйелдің ұлылығына сөз арнапты.
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев: «Әйел ашуланса – жеңіледі, еркелесе – жеңеді» деген пікір айтқан болатын. Неге, өйткені әйел заты қашанда ақ білектің мықтылығымен емес, ақылдылықтың күшімен тек ерін емес, әлемге үстемдік ете алған. Осындайда «қыздың қырық жаны бар» деген сөз ойға оралады. Иә, дана қазақтың нәзік жандарға осыншалықты неге мән берді десеңші. Себебі:
Қай жерде, мейлі, қай елде,
Әлемнің мәні – Әйелде.
Шын мықты болсаң оныңды
Әйелге барып дәлелде!
Әйелсіз айтпан әнді мен,
Әйелмен дәмді әңгімем
Сүйкімді болсаң шынымен,
Әйелің сүйсін алдымен!
Әйелге мәлім көп сырың,
Сүрінсең – әйел деп сүрін
Халыққа сыйлы болмайсың
Әйелге болсаң жексұрын.
Әйелсіз қонды бақ қашан,
Әйел деп түстік отқа сан.
Әлемнің тілін таппайсың
Әйелдің тілін таппасаң!
Ананың сорып емшегін
Басылған талай кемсеңің.
Бәдік боп өмір кешесің
Бермесе әйел жен-шенін.
Болмасын әйел назалы,
Болмасын әйел жазалы.
Кеудесін қаққан талайдың
Әйелден болған ажалы!
Әйелден ыстық от бар ма?
Сол үшін түстік көкпарға.
Қарғағың келсе біреуді
Әйелің өлсін деп қарға!
Әйелмен құның өлшенер,
Құдайдан кейін – сол шебер.
Бақытты сен де болмайсың
Әйелің сорлы болса егер!
Сырыңды соған ашасың,
Шөліңді содан басасың.
Адамның күні әйелмен,
Әйелдер мәңгі жасасын! – деп жырлаған біртуар айтыскер, ақын Жүрсін Ерманның осы өлеңінен түсінген боларсыз. Бір сөзбен айтар болсақ, әйел – ұлттың анасы.
20 қазан 2019 ж. 1 195 0