» » Facebook компьютерді мимен басқаратын жобаны жүзеге асырмақ

Facebook компьютерді мимен басқаратын жобаны жүзеге асырмақ

Фейсбук компьютерді оймен басқару жобасын қолға алды. Компания осындай технологияны дамытумен айналысатын стартапты сатып алды, деп хабарлады Хабар24.
Фейсбук компьютерді оймен басқару жобасын қолға алды. Компания осындай технологияны дамытумен айналысатын стартапты сатып алды, деп хабарлады Хабар24.
Дерек көздерінің мәліметінше, келісімшарт құны 500 миллионнан бір миллиард доллларға дейін жеткен. Facebook-тің вице-президенті Эндрю Босуорттың айтуынша, негізгі жаңалық мидан келетін белгіні оқитын браслет болмақ.

"Айтап айтсақ, мұндай "девайстың" иесі компьютерде мәтінді пернетақтасыз тере алады. Оған тек теру имитацясын жасап, үстелдің үстін қолымен тықылдатса жеткілікті болады. Сарапшы мамандардың пікірінше, бұл технология болашақта смартфондарға да жүктеліп, виртуалды көзілдірікпен бірге қолданылатын болады. Осындай көзілдірікпен телефоны немесе браслеты бар адам компьютерді пернетақта мен тінтуірсіз басқара алады", - делінген таратылған ақпаратта.
26 қыркүйек 2019 ж. 596 0