Ғарышқа ұшқың келеді ме? Онда...
Ресейлік компания туристерді 200 мың доллармен ғарышқа ұшырады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ведомости басылымына сілтеме жасап.
«Космокурс» сейсенбі күні өткен «Иннопром» форумында автоматика ҮЕҰ-мен азаматтық мақсаттағы коммерциялық тасымалдаушы зымырандар үшін борттық телеөлшеуіш басқару жүйесін жасау жөнінде келісім жасасты, деп мәлімдеді «Роскосмостың» баспасөз қызметі.
«Космокурсқа» арналған басқару жүйесін бес жыл ішінде жасау жоспарланған, бұл компания суборбиталды траектория бойынша туристерді ғарышқа жіберетін кешен салмақшы, делінген хабарламада.
«Космокурс» сайтында жазылғандай, компания тұйықталмаған траектория бойынша Гагарин орбитасы (180-220 км) биіктігіне дейін экскурсия ұйымдастыруды қолға алмақ. Ол үшін компания көп реттік тасымалдау зымыранын және жеті орынды (алты турист және нұсқаушы) ғарыш кемесін жасайды. Ұшу уақыты 15-20 минутқа созылады және әр турист үшін 200-250 мың доллардан айналады. «Космокурс» алғашқы ұшуды 2025 жылы іске асырмақ.