» » 310 мың теңге. Жалақысы ең жоғары өңірлер белгілі болды

310 мың теңге. Жалақысы ең жоғары өңірлер белгілі болды

Қазақстанда ең жоғары жалақыны Атырау, Маңғыстау облыстары мен Астана тұрғындары алады
  Биыл III тоқсанның соңында орташа айлық жалақы бір жылда 9,3% өсіп, 161,8 мың теңгені құрады. Өткен жылы осы уақытта орташа айлық жалақы 148 мың теңге болған еді. Соңғы бес жыл ішінде 2016 жылы жалақы ең көп — 13,3%-ке өсіп, нақты жалақы индексі 96,7% болды, деп хабарлайды finprom.kz сайты. 
Ақша
© SPUTNIK / ВЛАДИСЛАВ ВОДНЕВ


   Биыл нақты жалақы индексі 103,1%-ті құрап, тұрғындардың сатып алу қабілеті артты. 2017 жылы жалақының нақты құны инфляция салдарынан 2%-ке төмендеді.2018 жылдың III тоқсанының соңындағы жағдай бойынша ең жоғары орташа айлық жалақы Атырау облысында  — 310,6 мың теңге. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен (275,9 мың теңге) 12,6%-ке көп. Екінші орында орташа айлық жалақы 4,8%-ке артып, 260,6 мың теңгеден 273,2 мың теңгеге жеткен Маңғыстау облысы тұр. Үшінші орында — Астана қаласы, елорда тұрғындарының орташа айлық жалақысы 8,1%-ке өсіп, 240,7 мың теңге болды. 
Орташа айлық жалақысы бәрінен төмен өңірлер үштігіне Түркістан (98,8 мың теңге), Солтүстік Қазақстан (110,9 мың теңге) және Жамбыл облыстары (111 мың теңге) кірді.
III тоқсанның соңында орташа айлық жалақы тек төрт өңірде ғана Қазақстандағы орташа мәннен көтерілді. Орташа жалақысы ең көп және ең аз өңірлердегі (Атырау мен Түркістан облыстары) айырмашылық 211,7 мың теңгені құрайды.
    Орташа жалақы мөлшерінің өсімі ең көп үштікке Батыс Қазақстан (16,4%), Жамбыл (13,2%) және Атырау облыстары (12,6%) кіреді.
06 желтоқсан 2018 ж. 9 085 2 207
Пікір қалдыру

Пікір 2 207

Greysonshalf от 5 мамыр 2024 23:09

Caseyshalf от 7 мамыр 2024 08:15

Lucianoshalf от 7 мамыр 2024 08:45

Sebastianshalf от 8 мамыр 2024 18:37

Reidshalf от 8 мамыр 2024 19:09

Leonelshalf от 10 мамыр 2024 04:16

Spencershalf от 10 мамыр 2024 07:44

Dominicshalf от 12 мамыр 2024 01:22

Azielshalf от 12 мамыр 2024 10:03

Conorshalf от 12 мамыр 2024 10:39

Rivershalf от 14 мамыр 2024 00:40

Thiagoshalf от 14 мамыр 2024 15:46

Pierceshalf от 17 мамыр 2024 06:50

Abelshalf от 17 мамыр 2024 15:05

Ashershalf от 17 мамыр 2024 15:42

Nikolaishalf от Кеше, 23:10