» » ҚАЗАҚСТАНДА 2018 ЖЫЛЫ КӨЛІК ӨНДІРІСІ ҚАНША ПАЙЫЗҒА ӨСТІ?

ҚАЗАҚСТАНДА 2018 ЖЫЛЫ КӨЛІК ӨНДІРІСІ ҚАНША ПАЙЫЗҒА ӨСТІ?

Қазақстанда машина жасау маңдайалды салаға айналды. Бұл жөнінде zhanaqorgan-tynysy.kz интернет газеті egemen.kz сілтеме жасап хабарлайды.

   Биылғы тоғыз айдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын қараған Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов өнеркәсіп өндірісінің өсі­мі 4,8 пайызды құрап, өткен ай­дың деңгейінен 0,1 пайыздық тар­маққа асып түскендігін, өнер­кәсіп өндірісінің бұлайша дамуына түсті металдар, мұнай өң­деу, химия өнеркәсібі, қағаз және қағаздан жасалған өнімдер, жиһаз өндірісі, сондай-ақ, машина жасаудағы өнім шығарудың жақ­сы дем бергендігін айтты.
Ал, Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Роман Ск­ляр 2018 жылдың тоғыз айы­ның қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің ішінде ма­ши­на жасау саласының – 14,5, хи­мия өнеркәсібінің – 8,2, жиһаз өнді­рудің – 5,1, қағаз шығарудың – 9,2, резеңке және пластмасса бұйым­дарын өндірудің 2,3 пайыз алға басқандығын мәлімдеді.
Осыған дейін Қазақстан автобизнес ассоциациясының вице-президенті Анар Мақашева 2018 жылы отандық өндірушілер Қазақстанда құрастырылған автолардың үлесін 50 пайызға көбейтуді жоспарлап отырғанын айтқан еді.
Жалпы, ресми деректерген қарағанда, әлемде автокөлік өндірісінің көлемі артып келеді. Auto.vercity.ru мәліметінше, 2018 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Қытай көлік өндірісі бойынша бірінші орында тұр. Мәселен, тамыз айында 1 999 943 бірлік, қыркүйік айында 2 356 164 автокөлікті шығарған. Сондай-ақ, АҚШ, Жапония, Германия, Үндістан көлік өндіруде белсенді. Ақпараттық ресурста 9 айда 1 119 625 автө көлік шығарған Ресей 14 орында, 115 544 көлік шығарған Өзбекстан 33 орында тұр.    
 Дайындаған Ерлан Райымбек.
22 қараша 2018 ж. 2 032 36

cit от 17 тамыз 2020 17:48
best way to get viagra sample viagra online viagra viagra economici india

cit от 18 тамыз 2020 10:03
generic viagra drug buy viagra online generic viagra drug viagra sildenafil precio

cit от 18 тамыз 2020 18:09
viagra prices seattle viagra buy viagra in india mumbai generic viagra drug

cit от 19 тамыз 2020 02:23
brand viagra echeck buy viagra online viagra www viagra lontano dai pasti

cit от 19 тамыз 2020 10:45
viagra 25 mg review viagra in nz price viagra online comprar viagra generico foro

cit от 19 тамыз 2020 19:03
what is the generic viagra viagra buy viagra where to buy viagra uk