ҚАЗАҚСТАНДА 2018 ЖЫЛЫ КӨЛІК ӨНДІРІСІ ҚАНША ПАЙЫЗҒА ӨСТІ?
Қазақстанда машина жасау маңдайалды салаға айналды. Бұл жөнінде zhanaqorgan-tynysy.kz интернет газеті egemen.kz сілтеме жасап хабарлайды.
Биылғы тоғыз айдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын қараған Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов өнеркәсіп өндірісінің өсімі 4,8 пайызды құрап, өткен айдың деңгейінен 0,1 пайыздық тармаққа асып түскендігін, өнеркәсіп өндірісінің бұлайша дамуына түсті металдар, мұнай өңдеу, химия өнеркәсібі, қағаз және қағаздан жасалған өнімдер, жиһаз өндірісі, сондай-ақ, машина жасаудағы өнім шығарудың жақсы дем бергендігін айтты.
Ал, Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Роман Скляр 2018 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің ішінде машина жасау саласының – 14,5, химия өнеркәсібінің – 8,2, жиһаз өндірудің – 5,1, қағаз шығарудың – 9,2, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндірудің 2,3 пайыз алға басқандығын мәлімдеді.
Осыған дейін Қазақстан автобизнес ассоциациясының вице-президенті Анар Мақашева 2018 жылы отандық өндірушілер Қазақстанда құрастырылған автолардың үлесін 50 пайызға көбейтуді жоспарлап отырғанын айтқан еді.
Жалпы, ресми деректерген қарағанда, әлемде автокөлік өндірісінің көлемі артып келеді. Auto.vercity.ru мәліметінше, 2018 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Қытай көлік өндірісі бойынша бірінші орында тұр. Мәселен, тамыз айында 1 999 943 бірлік, қыркүйік айында 2 356 164 автокөлікті шығарған. Сондай-ақ, АҚШ, Жапония, Германия, Үндістан көлік өндіруде белсенді. Ақпараттық ресурста 9 айда 1 119 625 автө көлік шығарған Ресей 14 орында, 115 544 көлік шығарған Өзбекстан 33 орында тұр.

Дайындаған Ерлан Райымбек.
Пікір 36