№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БІРЫҢҒАЙ ЖИНАҚ ТӨЛЕМІН КІМДЕР ТӨЛЕЙДІ?

БІРЫҢҒАЙ ЖИНАҚ ТӨЛЕМІН КІМДЕР ТӨЛЕЙДІ?

2019 жылдың 1-қаңтарынан бастап өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін бірыңғай жиынтық төлем енгізілді. Бұл Қазақстан бойынша 588 мыңдай адамның зейнетақымен қамтамасыз етілуін жақсартуға, олардың әлеуметтік сақтандыру және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйелері бойынша көрсетілетін қызметтерді толығымен пайдалануға мүмкіндік береді. Хош. Бірыңғай жиынтық төлемді кімдер, қайда және қандай мөлшерде төлейді? Осыны тарқата айтсақ.

Жаңа жүйенің негізгі мақсаты – өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтарды, яғни, «көлеңкеде жүрген жұмысшыларды» заңдастыру. Бірыңғай жиынтық төлем жаңа салық түрі емес, бұл төлемнің 4 түрін, яғни, жеке табыс салығын, әлеуметтік және медициналық сақтандыру қорларына, және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударымдар жасауға жағдай туғызады. Әуелі өзін-өзі жұмыспен қамтушы деген кім осыны анықтап алсақ. Көрсететін қызметі ресми құжатта жазылмаған, мемлекетке салық пен жарна төлемейтіндердің барлығын осы санатқа жатқызуға болады. Оның қатарына ауылдағы қойшы да, қаладағы базарда жалдамалы жұмысшы да, арба итеруші де, автокөлік жөндейтін шебер мен сән салонында қас-кірпік бояйтындар да жатады. Әрине, бұл тізімді бала күтуші, саудагер, шаштараз, көлік жуушы, такси жүргізушісі деп ұзарта беруге болады. Қысқасы, бұлардың бәрі – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. Ресми дерекке сүйенсек, Қазақстандағы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 2,1 млн. адам деп көрсетілген. Бұл – қазақстандықтардың экономикалық жағынан белсенді бөлігінің төрттен бірі. Олардың басым бөлігі ауылда тұрады. Мәртебесі расталмаған, табысы да мардымсыз. Бірыңғай жиынтық төлемнің де мақсаты – түрлі себеппен қорғансыз қалып отырған азаматтарды әлеуметтік тұрғыдан қорғауды көздейді. Жауапты ведмостваның айтуынша, жаңа жүйенің бірнеше артықшылығы бар. Мұнда салық сомасы азырақ, салық пен әлеуметтік төлемдерден тұратын бірыңғай төлем жасауға болады. Ал, салық бойынша есеп беру, салықтық тексерулер және әкімшілік жазалар болмайды. Сонымен қатар ауылдық елді мекендерде өмір сүретін халықтың жүктемесін азайту мақсатында, бұл төлемді ауыл тұрғындары үшін айлық көрсеткіштің жартысына дейін қысқарту қарастырылған. Мәселен, Астанада және облыстық маңызы бар қалаларда 1 айлық есептік көрсеткіш 2 525 теңге, басқа елді мекендерде – 0,5 АЕК, шамамен 1262 теңге деңгейінде белгіленді.

ЖИЫНТЫҚ ТӨЛЕМ ҚАЛАЙ ТӨЛЕНЕДІ?

ҚР Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, аталған жаңашылдық 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 2023 жылдың 31-желтоқсанына дейін енгізілмек. Заңнамаға сәйкес, жоғарыда аталған аударымдар барлық азаматтар үшін міндетті болып табылады. Осы тұста, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жайлы «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Қызылорда облыстық филиалы директоры Гүлсім Денеевадан білдік. Ол Заңға енгізілген толықтыруды толыққанды бүге-шүгесіне дейін түсіндіріп берді.
– «Қазақстан Республи­касы­ның кейбір заңнамалық актілеріне халық­тың жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Біріншіден, Әлеуметтік төлемдерді төлеушілер біріздендірілді: жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ҚР Салық кодексіне сәйкес, жеке практикамен айналысатын адамдар категориясына жатқызылды.
Екіншіден, Әлеуметтік ауда­рымдарды төлеушілер категориясы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылатын жеке тұлға болып кеңейді, – деді филиал директоры.
Сондай-ақ Гүлсім Денеева Бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін өз пайдасына өздері төлейтін әлеуметтік аударымдардың мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 20 пайызды құрайтынын жеткізді. Ал, Бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі – республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, Астанада – айлық есептік көрсеткіштің 1 еселенген мөлшері және басқа елді мекендерде айлық есептік көрсеткіштің 0,5 еселенген мөлшері болып бекітіліпті.
– Үшіншіден, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (МӘСҚ) бір төлеушіден әлеуметтік аударымдарды есептеудің ай сайынғы ең жоғарғы объектісі тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген он еселенген ең төменгі жалақы мөлшерінен жетіге дейін азайтылды. 2019 жылдың 1-қаңтарына бастап – 1 ең төменгі жалақы мөлшері = 42 500 теңге. 2019 жылы әлеуметтік аударымдардың ең жоғарғы мөлшері 3,5% * (7 * 42 500 теңге) = бір төлеушіден айына 10 413 теңгені құрайды.
Бір төлеушіден әлеуметтік аударымдарды есептеудің ең төменгі мөлшері 1 ЕТЖ деңгейінде сақталып қалды. Сәйкесінше, 2019 жылы әлеуметтік аударымдардың ең төменгі сомасы 3,5% * 42 500 теңге = айына 1 488 теңгені құрайды, – деді облыстық филиал директоры.
Белгілі болғандай, Бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер үшін әрбір айдағы табыс ең төменгі жалақы деңгейіне жеткізіледі. Бұл бір айдағы табыс жүйенің барлық қатысушылары үшін түскен әлеуметтік аударымдар негізінде ескерілмейді (505 / 3,5 % әлеуметтік аударымдар ставкасы = 14 428 теңге қалалықтар үшін және 7 228 теңге ауылдықтарға), ал 1 ЕТЖ құрайтын болады (2019 жылы 42 500 теңге) деген сөз, яғни қалалықтар үшін 4 есе ал, ауылдықтар үшін 6 есеге артқан.
Сонымен қатар, бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілерге жұмысынан айырылуы жағдайына әлеуметтік төлемді қоспағанда, МӘСҚ әлеуметтік төлемдердің барлық түрі тағайындалуы мүмкін екен. Ал, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылуы жағдайына әлеуметтік төлемнің ең жоғарғы мөлшері ЕТЖ жеті еселенген мөлшерінің қырық пайызынан аспау керек (2019жылы: 40% * 297 500 теңге = айына 119 000 теңге).
Қорыта айтқанда, қарапайым жұрт «жұмыссыздарға салынатын салық» деп атап жүрген төлемнің бұл түрі өзін-өзі жұмыспен қамтитындарды тіркеуді, олардың қызметін заңдастыруды жеңілдету үшін енгізілді. Түпкі мақсаты – халықтың әл-ауқатының артуына һәм тұрмысының тіктелуіне жағдай жасау.

Әбдісамат ӘБДІШ.

22 қаңтар 2019 ж. 1 109 2

Гость Jeahulalf от 18 ақпан 2019 10:40
Levitra Vendita Farmacia Zithromax And Breastfeeding Proscar Cabello Propecia viagra Clobetasol Website Secure

Гость Jeahulalf от 9 наурыз 2019 19:24
Avanafil Dapoxetine viagra Comprare Cialis Originale Zithromax Group B Strep On Line Bentyl