№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «ТАРОМ-ХОШЕМИДІ»ҚАШАН АУДАНДАСТЫРАМЫЗ?

«ТАРОМ-ХОШЕМИДІ»ҚАШАН АУДАНДАСТЫРАМЫЗ?


Тынымсыз ізденіс, қыруар еңбек, нар тәуекелді ұштастырған Қармақшы ауданындағы «Ақтөбе и К» ЖШС өркендеудің жолын тапты. Серіктестік осыдан бірнеше жыл бұрын шаруашылықты дамытудың тиімді жолын іздестіріп, нарықты зерттейді. Әсіресе, шетел нарығын зерделеп, ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауды мұрат тұтады.

Мұның жолын да табады. Нақты айтқанда, облыс басшысы Қырымбек Көшербаев бастаған делегация жұмыс сапарымен Иран Ислам Республикасына барып, ауыл шаруашылығы өндіріс орындарын көріп, Иранның бизнес қауымдастығына ортақ жобаларды талқылаған кезде серіктестік төрағасы ирандық «Таром-Хошемиге» күріш сортын аудандастыруды маңызды санайды.
Себебі, әлем елдерінде Иранның бренді «Таром-Хошемиге» сұраныс өте жоғары әрі бағасы қымбат. Осылайша, былтыр серіктестік 70 гектар жерге егіп, 100 тонна өнім алады. Ал, Ирандық тарап күріш өнімі жиналысымен түгілімен сатып алады. Бұл – шаруашылықтың табыс көзін арттырады.
– Иранға соңғы барғанымда бұл күрішке деген сұраныстың төмендемейтініне көзім жетті. Алматы қаласындағы зертханаға алғаш әкелінген тұқым мен бір жылдан кейін еккен тұқымды салыстыруға тапсырыс бердім. Бізде егілген тұқымның сапасы да, құрамындағы элементтері де байи түскенін анықтадық. Қазір қолда тұқым жеткілікті. Биыл «Торем Хошеми» көлемін арттырып, 500 гектарға жеткіземіз, – дейді «Ақтөбе и К» ЖШС төрағасы Нұрлан Іздібаев.
Биыл Қазалы ауданының «Сыр Маржаны» ЖШС ирандық күрішке басымдық беріпті. Алдағы уақытта ирандық «Таром-Хошемиді» егетіндер саны арта беретіні анық. Өйткені, Иран өзі жылына 3 млн. тонна күріш импорттайды. Соның 1 млн. өтеуге Қызылорда облысының мүмкіндігі бар.
Күріштің бұл түріне жаңақорғандық диқандар басымдық бергені абзал. Мұны аудан әкімі Ғалым Әміреев те маңызды санайды.
– Облыс әкімінің орынбасары қызметінде болғанымда Иранның Гүлістан, Мазандаран және т.б. провинциясында арнайы барып, іскерлік байланыс орнаттық. Сондай кездесудің бірінде ирандық күрішті аудандастыруға байланысты келіссөздер жүргізген едік. Ирандық күрішті «Ақтөбе и К» ЖШС егуге ниет танытты. Бұл бастамасы өз-өзін толық ақтады. Неге десеңіз, «Таром Хошемидің» нарықтағы құны өте қымбат. Шамамен 1 келісі 1500 теңге. Өнімділігі де жақсы. Алдағы уақытта ауданның шаруа қожалықтары «Таром Хошемиді» аудандастыруды жолға қойғаны дұрыс, – дейді аудан басшысы.
Расында, шаруалар табыстың көзін тапқысы келсе шетел нарығында өтімді ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді жолға қоюы қажет. Әзірге, қармақшылық серіктестіктің тәжірибесін енгізуден ұтылмасымыз анық.
Ауылшаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Серік Сейдуалиевтың айтуынша, «Тасболат» ЖШС, «Ынтымақ» ЖШС, «Сұңқар», «Ислам», «Хамит» және «Бақытжан» шаруа қожалығы ирандық «Таром Хошемиді» енгізуге мүмкіндігі мол. Себебі, аталған шаруашылықтар жаңашылдыққа жана құмар, әрі өндірістік әлеуеті қауһарлы. Рас, егер өнім табысқа жетелесе ирандық күрішті неге аудандастырмаққа?
Оған Қазақстанның, Түрікменстанның және Иранның бірігіп салған «Жаңаөзен-Қызылқия-Берекет-Этрек-Горган» темір жолы мен Ақтау теңіз портының мүмкіндігін пайдалануға болады...
Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.
17 шілде 2018 ж. 788 0