№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ТӨРТ ТҮЛІКТІ АСЫЛДАНДЫРУ: ӨНІМДІЛІКТІ АРТТЫРУ ТЕТІГІ

ТӨРТ ТҮЛІКТІ АСЫЛДАНДЫРУ: ӨНІМДІЛІКТІ АРТТЫРУ ТЕТІГІ

Сыр өңірі ауыл шаруашылығы саласы дамыған аймақ. Оның ішінде, мал шаруашылығының үлесі басым. Тіптен, Сырдың 3/1 түлігі біздің ауданда. Қазір шаруалар мал басын көбейтумен қатар асыл тұқымды мал өніміне басымдық беруде.
Аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің мәліметінше, бүгінде ауданда асыл тұқымды жылқы, ірі қара, уақ мал шаруашылығымен айналысатын 16 шаруа қожалық бар. Оның екеуі жылқы өсірумен, алтауы ірі қара, сегізі асыл тұқымды қой өсірумен айналысады.
– Шаруа қожалықтар өнімді және таза тұқымды мал өнімін алу мақсатында асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды қолға алды. Қазіргі уақытта асыл тұқымды мал өнімінің үлесі өсті. Бүгінде ауданда 65833-ке жуық ірі қара малдың 5 пайызы асыл тұқымды. Оның 3 мыңға жуығы асыл тұқымды етті бағытта болса, 400-ге жуығы асыл тұқымды сүтті бағытқа тиесілі. Ал, аудандағы 242 626 қойдың 40 мыңға жуығы асыл тұқымды, – дейді ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Серік Сейдуалиев.
Оның айтуынша, қазіргі таңда ауданда асылдандырылып жатқан малға шет мемлекеттерден қызығушылық артқан. Мәселен, өткен жылы Аққорған ауылдық округіндегі «Ахметжан» шаруа қожалығынан 280 бас уақ малды Иранға экспорттады. Биылғы жылы да Өзбекстан, Иран, Қытайдан сұраныс бар.
Қазіргі таңда асыл тұқымды ірі қара мен уақ малды көбейтіп, аудандағы өзге шаруа қожалықтарға сатумен айналысатын «Заман ата», «Orda-Агротехнология», «Бақытжан», «Жер қазына», «Ынтымақ», «Ақ жол», «Көбелдес» қожалықтары өнімді еңбек етуде.
– Қазір қожалықта 250 ден аса асыл тұқымды қалмақ тұқымдас ірі қара бар. Негізінен бұл тұқымды Петропавлдан, Атыраудан, Ақтөбеден әкелеміз. Кейінгі уақытта осы асыл тұқымды малды өзге шаруашылықтарға сатуды қолға алдық. Мәселен, өткен жылы аудан көлемінде, Шиелі ауданына, Қызылодаға барлығы малды асылдандыру мақстында 32 бас қашар, 54 бас өгізше саттық. Биылдың өзінде 28 өгізшені Шиеліге, Қазалыға, ауданға саттық. Алдағы уақытта тағы да 50 ден аса мал басын сату жоспарда бар, – дейді «Заман ата» шаруа қожалығының төрағасы Қайсар Сыздықов.
Сондай-ақ, асыл тұқымды мал шаруашылығын дөңгелетіп отырған қожалықтардың қатарында «Мырзабай» шаруа қожалығы бар. 1993 жылы негізі қаланған қожалықта 480-нен астам сүт бағытындағы «Әулие ата»  тұқымды сиыр, ет бағытындағы 120-ға жуық жылқы, 800-ден аса қой өсірілуде.
– Тәулігіне бір сиыр 10 литрге дейін сүт береді.  Алынған сүтті аудандағы «Жаңақорған май зауыты» ЖШС-не күніне 80-100 литрге дейін өткіземіз. Сүт өнімдерін қабылдайтын орын болмағандықтан алынған өнімнің басым бөлігін жұмысшыларға беріп, ауыл тұрғындарына қолжетімді бағада сатамыз, – дейді шаруа қожалықтың басшысы Әбсаттар Мырзабаев.
Айта кететіні, қазіргі уақытта 8 адамды жұмыспен қамтып отырған қожалық жылына сауынды сиырдың 100 басынан 80 бұзау, ал 87 биеден 50 пайыз құлын алады.
– Бүгінде аудан мал шаруашылығы саласынан барынша жетіліп жатыр. Халық мал бағудың қыр-сырын үйреніп, асыл тұқымды малды өсіруде. Дегенмен, алынған өнімді ауданда өңдейтін зауыттар болса нұр үстіне нұр болар еді. Мәселен, сүт өнімдері ысырап болмай өзімізден ұзаққа сақталатын сүт, айран, қаймақ дайындалса халыққа да арзан бағада сатылар еді, – дейді шаруа қожалық басшысы.
Ал, етті мал өсірумен айналысатын  «Orda-Агротехналогия» ЖШС-нің 2016 жылы негізі қаланған. Бүгінде қожалықта 500-ге жуық репродуктор бар. Оның 150 басы асыл тұқымды «СантаГерТруда» сиыры.
– Жаңадан құрылған қожалық болғандықтан әлі ірі көлемде сатылымға мал шығарған жоқпыз. Биыл 6 бас бұқашықты ет бағытында шығардық. Етті бағыттағы мал болғандықтан бір бас малдың өзі 1 тоннаға дейін өнім береді. Келесі жылы 50 бас малды ет бағытында өндіруді жоспарлап отырмыз. Оны арғы жылы 70 басқа жеткізсек дейміз. Сонымен қатар, қашарларды сатылымға шығару жоспарда бар, – дейді «Orda-Агротехналогия» ЖШС-нің басшысы Керімхан Егізбаев.
Айсұлу АЛДАНАЗАР.
23 маусым 2018 ж. 1 357 0