» » ШАРУАШЫЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРЫНЫҢ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

ШАРУАШЫЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРЫНЫҢ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ


Бүгін Жаңақорған ауданы әкімдігінің мәжіліс залында шаруашылық құрылымдарымен облыстық деңгейде келелі кездесу өтті.
Жиынды аудан әкімінің орынбасары Бақтияр Ахметов ашып, облыстан арнайы келген қонақтар облыстық ауылшаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаевты, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ облыстық филиалының директоры Ж.Прешованы, өңірлік инвестициялық қаржыландыру орталығының директоры И.Қуанышевті және "Даму" кәсіпкерлік даму қорының бас менеджері С.Абдуллаеваны көпшілікке таныстырып күн тәртібіндегі мәсәлерді атап өтті.
Жиын барысында алғашқы сөз алған Талғат Тұрсынұлы Дүйсебаев шаруашылықтарға берілетін мемлекеттік қолдаулар аясынды кеңінен түсіндірме жасап баяу жылжып отырған маңызды жұмыстарға да тоқталып өтті. Мәселен, "Кеңдала-2" бағдарламасына шаруашылықтардың қатысу төмендігін, күріш тұқымының сапасының нашарлауын және отандық минералды тыңайтқыштарға өтінімдер аз беріліп жатқандығын алға тартып шаруашылықтарды аталған жұмыстарды күшейтуге шақырды.
"Кеңдала-2" несиелендіру бағдарламасы бойынша жасалған түсіндірме соңы сұрақ - жауапқа ұласып шаруашылықтар өздерін толғандырып жүрген ой-пікірлерін еркін форматта ортаға салды.
Ұсыныс-пікірлер назарға алынып облыстық деңгейде тиісінше жұмыстар жасалатындығы хабарланды.
07 наурыз 2025 ж. 346 0