Шет ел көлігі: тіркеу тәртібі
Елде шет елдік нөмірлі көліктердің қатары сирегені рас, әсіресе, Ресейден келетін көліктердің қатары тым азайды. Ауданның өзінде бірең-сараңы болмаса, оның өзінде олардың бөлшектеу орындарынан кезіктіресің. Апта басындааудандық полиция бөлімі шет елдік көліктерді тіркеу бойынша тағы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Осы мәселеге қысқаша тоқтала кетейік.
2014 жылғы 17 сәуірдегі ҚР-ның Жол жүрісі туралы Заңының 63-бабында көлік құралдарын мемлекеттік тіркеудің міндеттілігі көрсетілген. Онда басқа мемлекеттің құзыретті органында тіркелген, халықаралық жол жүрісіне қатысатын және ҚР бір жылдан аспайтын мерзімге әкелінетін механикалық көлік құралдарын қоспағанда, елде жасалған немесе алып келінген көліктер міндетті мемлекеттік тіркеуден өтеді. Ал, заңға сәйкес мемлекеттік тіркеуден өтпеген темір тұлпарлар елде емін-еркін жүре алмайды.
Кедендік реттеу туралы кодексінің 144 бабына сәйкес, шет елден әкелінген көлік құралдары, кедендік баждармен алымдарды төлейді. Екінші, көлік құралының қауіпсіздігі туралы сертификат алады, үшінші, ҚР Табиғи ресурстар және экология министрлігінің №448 бұйрығында «Жасыл даму» акционерлік қоғамының (Утилизационный сбор) алымдармен төлемдерді (жеңіл көлік құралдары) қозғалтқыш көлеміне байланысты төлейді делінген.
Енді қысқаша кестеге тоқтала кетейік.
Виды и категории ТС | Базовая ставка | Коэффициенты | Суммы в тенге |
1. ТС категории М1, в т.ч. повышенной проходимости категории G: легковые | |||
До 1 000 см3 | 50 МРП | 1,5 | 294900 |
От 1 001 см3 до 2 000 см3 | 50 МРП | 3,5 | 688100 |
От 2 001 см3 до 3 000 см3 | 50 МРП | 5 | 983000 |
Свыше 3 001 см3 | 50 МРП | 11,5 | 2260900 |
2. ТС категории N1,N2,N3 в т.ч. повышенной проходимости категории G: грузовые автомобили полной массой: | |||
До 2,5 тонн | 50 МРП | 3,5 | 688100 |
От 2,5 тонн до 3,5 тонн | 50 МРП | 7,5 | 1474500 |
От 3,5 тонн до 5 тонн | 50 МРП | 7,5 | 1474500 |
От 5 тонн до 8 тонн | 50 МРП | 8 | 1572800 |
От 8 тонн до 12 тонн | 50 МРП | 9,5 | 1867700 |
От 12 тонн до 20 тонн | 50 МРП | 10,5 | 2064300 |
От 20 тонн до 50 тонн, кроме седельных тягачей | 50 МРП | 20,5 | 4030300 |
Седельные тягачи от 20 тонн до 50 тонн | 50 МРП | 11,0 | 2162600 |
3. ТС категории М2,М3, в том числе повышенной проходимости категории G: автобусы с рабочим обьемом двигателя: | |||
С электродвигателями, за исключением транспорт ных средств с гибридной силовой установкой | 50 МРП | - | 0 |
С рабочим обьемом двигателя: | |||
До 2 500 см3 | 50 МРП | 4 | 786400 |
От 2 500 см3 до 5 000 см3 | 50 МРП | 8 | 1572800 |
От 5 000 см3 до 10 000 см3 | 50 МРП | 10,5 | 2064300 |
Свыше 10 001 см3 | 50 МРП | 13,5 | 2654100 |
Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, механикалық көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау, емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы №862 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, аталған қағиданың 22-2 тармағына сәйкес, криминалист маманына көлік құралын нөмірлік агрегаттарына қарап-тексеруге әкеледі;Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 553-бабына сәйкес, көлік құралдарын бастапқы тіркегені үшін көліктің шыққан жылына қарай мемлекеттік бюджетке алымдармен төлемдер төлеу арқылы жүзеге асырылады.
