№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Армениядан әкелінген 445 көлік тіркелді

Армениядан әкелінген 445 көлік тіркелді

Қызылорда облысына Армениядан 456 көлік әкелінген. Бүгінде соның 445-і тіркеуден өткізіліп, оның 74-інің басқару жүйесі оң жақтан сол жаққа ауыстырылған. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Қызылорда ОПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұрмахан Пазылов мәлімдеді.
Негізі Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу биыл наурыз айында аяқталуға тиіс болатын. Бірақ өткен жылы карантин шектеулері болғандықтан тіркеу уақыты тағы бір жылға ұзартылды. Енді келер жылдың наурыз айына дейін тіркелмесе, көлік иелері 3 миллион теңгенің үстінде қаражат жұмсауға тура келеді.
– Армениялық темір тұлпарды тізгіндеген көлік иесі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгі үшін – 8167,60 теңге, көліктің тіркеу куәлігі үшін – 3646,25 теңге, ал мемлекеттік алғашқы тіркеу жинағы үшін – 729,25 теңге төлегендігін растайтын құжаттармен халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет, – деді Қызылорда ОПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұрмахан Пазылов.
Ал басқару жүйесі оң жақтан сол жаққа ауыстырылған көлік құралдарын тіркеу үшін ұлттық акредиттелген орталықтардан қауіпсіздік хаттамасын алу қажет.
Аталған хаттаманы беруге рұқсаты бар акредиттелген орталықтар Алматы қаласында, Атырау, Қостанай, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан.
03 наурыз 2021 ж. 515 0