Құрылтай

Соңғы жаңалықтар

№61 (8975) 15

15 тамыз 2026 ж.

№60 (8974) 11

11 тамыз 2026 ж.

№59 (8973) 8

08 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Үкімет шет елдерден көлік әкелу мен пайдалану талаптарын бекітті

Үкімет шет елдерден көлік әкелу мен пайдалану талаптарын бекітті



Үкімет басшысы Әлихан Смайылов шет мемелекеттерде тіркелген көліктерді Қазақстанға әкелу және оларды пайдалану талаптарын бекітті. Премьер-министр қол қойған Қаулы primeminister.kz сайтында жарияланды. Құжатқа қоса ұсынылған қосымшада: басқа мемлекеттің құзыретті органында тіркелген автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына кіру (әкеліну) тәртібі мен талаптары; басқа мемлекеттің құзыретті органында тіркелген автокөлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағында пайдалану қағидалары мен талаптары жазылған. Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Еске салайық, биылғы 23 қаңтар - 1 шілде аралығында Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін заңсыз әкелінген көліктер заңдастырылды. Нәтижесінде 220 мыңнан астам автокөлік тіркелді. Ал 2022 жылдың 1 қыркүйегінен кейін әкелінген көліктер заңның барлық талаптарына сай, жеңілдіксіз тіркеуге жатады.
02 желтоқсан 2023 ж. 433 0