№103 (8814) 31

31 желтоқсан 2024 ж.

№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Инфрақұрылым: өңір өркендеуінің өзегі

Инфрақұрылым: өңір өркендеуінің өзегі


«Былтыр қыруар жұмыс атқарылды. Мысалы, әден тозығы жеткен инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары барлық аймақта жүргізілді. 18 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді...» Бұл Ммлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ана тілі» газетіне берген сұхбатынан үзінді. «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту» тқаырыбында жарық көрген мақаладағы алғашқы жауап инфрақұрылым саласына бағыттапты. Шыны керек, халық тұрмысына ең қажетті бұл салаға былтыр қатты көңіл бөлінді. Ауылдағы ағайынның ахуалын жақсартып, өмір сүру сапасын қаламен қатарластыруға барлық жұмыс атқарылуда.

 2024 жыл инфрақұырылым жылы деуге болады, әсіресе, біздің өңірде бұл салаға қатты көңіл бөлінді. Аудан, облыс және республикалық жолдар қайта жөндеуден өтті. Жарық жүйесі жаңғырды, ауыз су мәселесі кезең-кезеңімен шешілуде. Сондай-ақ, көгілдір отыны ауыл-ауылдарға келе бастады.  Жаңақорғанда бүгінгі күнге дейін 9 ауылға газ келіп, бірнеше ауылдың жарығы толықтай жаңарды. Бағаналары мен сымдары ауысты, жаңа трансформаторлар қойылды. Сондай-ақ, елді мекендерге қатынайтын жолдардың барлығы асфальттанды, енді тек көшелер ретке келтірілуде. Тағы бір мәселе, ауыз су болатын. Ол бойынша да қарқынды жұмыс жүргізілуде. Келер жылы Сыр мен тау беткейдегі ауылдар суды сағаттап емес, күні бойы игіліктеріне жаратуға мүмкіндік алады. Айта берсек, былтыр аймақ көлемінде ақтарылған жұмыс өте көп. Мұның барлығы облыс әкімінің сөзімен айтқанда: «Президент пен Үкіметтің Сыр еліне деген қамқорлығының арқасында»...

Тұрғын үй мәселесі де рет-ретімен берілуде. Биылғы жыл аудан халқы үшін сүйіншілейтін жаңалықпен басталды. Кентте 124 отбасы баспаналы болды. Бұл да керемет бастама.

Әли ТЕМІРБЕК

04 қаңтар 2025 ж. 160 0