№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жарық жүйесінің жаңғыруы қалай?

Жарық жүйесінің жаңғыруы қалай?



Коммуналдық инфрақұрылымдар, газ, ауыз су, интернет, жол және жарық жүйесі қазіргі қоғамда ең өзекті мәселелердің
қатарында. Мемлекет басшысының әлеуметтік саланың мәселесін бірінші кезекке қойып, нақты міндеттер жүктеуі де сондықтан. Бұл түйіткілдер біздің ауданда кезең-кезеңімен шешілуде. Тек интернет мәселесі ақсап тұр. Ол бөлек тақырып. Бүгін біздің нысанаға жарық жүйесі ілікті. Аудан көлемінде жүргізіліп жатқан және биыл басталатын іргелі бастамаларды бір таразылап, жұмыс барысын пысықтап қоюды жөн көрдік.

Жаңақорған ауданында жарық мәселесі өткен жылдың соңына дейін өте өткір тақырып
болып келді. Тозығы жеткен электр сымдары мен бағаналары, ескірген трансформаторлар,
ауылдарды айтпағанда кент тұрғындарының әбден жүйкесіне тигені белгілі. Мұрат Жолкелдіұлы
ауданға әкім болып келгенде осы істі бірінші кезекке қойды. Былтыр аудан үшін
ауқымды жоба қолға алынып, жыл соңында қажетті қаржысы қаралып, кентте біршама
жұмыстар жүргізілген еді. Осы сауал төңірегінде аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің есігін қайта қақтық.
Жалпы ауданда 1332,6 шақырым электр желісі жүргізілген. Оның ішінде 35 кВ әуе желісі,
10 кВ, 0,4 кВ әуе және 10 кВ кабельді желісі де бар. Сонымен қатар 245 дана қосалқы станциялар
орнатылған. Жоғарыда аталған электржелілік жүйенің тозуы 75 пайыздан асқаны айтылып жүр.
– Қазіргі таңда, Жаңақорған кентіндегі электржелілік жүйені жаңғырту мақсатында
жалпы құны 3 млрд 421 млн 718,0 мың теңгені құрайтын бюджеттік инвестициялық жоба
(бұдан әрі – БИЖ) іске асырылуда. Құрылыс-монтаж жұмыстарына 2022 жылы республикалық
бюджетен 898 878,0 мың теңге қаралып, 70 шақырым электржелілік жүйе жаңғыртылды.
2023 жылға 1 175 676 мың теңге қаралып, құрылыс жұмыстары жалғасуда.
Жаңақорған кентінен бөлек 25 ауылдық округте 34 елді мекен бар. 2022 жылы құны 2,3
млрд теңгені құрайтын 9 БИЖ әзірленді. 2023 жылға республикалық және жергілікті бюджеттен
503,4 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде, – деді бөлім басшысы
Қайрат Сапарбаев.
9 ауылдың қатарында Манап, Қандөз, Келінтөбе, Қожакент, М.Нәлібаев, Әбдіғаппар,
Құттықожа, Сунақата және Еңбек елді мекені кірді. Егер жұмыс сапалы, әрі тез жүргізілсе келер жылы бұл ауылдардың жарығы толық
жаңғыртылады.
– Сонымен қатар, 2023 жылдың басында құны 3,2 млрд. теңгені құрайтын 10 БИЖ (Екпінді,
Қожамберді, Сүттіқұдық, Ақүйік, Қосүйеңкі, Жаңарық, Өзгент, Ақсуат, Аққорған, Қаратөбе)
әзірленіп, жоғары тұрған ведомстволарға бюджеттік өтінімдер ұсынылды. Аталмыш
жобалар уақытылы қаржыландырылып, толық іске асырылса, Жаңақорған ауданының электржелілік
жүйесінің тозуы шамамен 51 пайызға, авариялық жағдайлар 42 пайызға төмендейді
деп болжамдалуда, – деді бөлім басшысы.
Біздің түсінгеніміз, алдағы 3-4 жылдың ішінде аудандағы жарық мәселесі толық шешімін
табады. Ең алдымен кенттегі ірі жобаны биыл немесе келер жылы межелеп, ел игілігіне берсе
болғаны. Ал, қалған ауылдардың мәселесі 2025 жылға дейін шешімін табады деген үміттеміз.
Оны уақыт көрсетеді, ең бастысы, басталған істі аяғына дейін жеткізу жауапкершілігі тұр.
Бұл жаңақорғандықтар үшін керемет жаңалық болар еді. Ендеше, бақылау жұмысын жауапты
сала қадағалап, тұрғындармен жүздесіп тұрғаны абзалырақ болар еді...

                                                                                                               Әлібек Жарықбаев
08 сәуір 2023 ж. 269 0