№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 9 елді мекеннің электр желілері жаңартылады

9 елді мекеннің электр желілері жаңартылады



Жаңақорған ауданы халқының өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында инфрақұрылым саласын дамыту күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі. Әсіресе, тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жүйелі жұмыстар қолға алынған. Биыл да аталмыш саладағы жобаларды жүргізуге облыстық бюжеттен және Ұлттық қордан тиісті қаржы бөлініп, ауданға қарасты Келінтөбе ауылының ауыз су мәселесі шешімін таппақ. Осының нәтижесінде аудан халқының таза ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 100 пайызға жақсарады.

Қазіргі таңда аудан бойынша 35 елді мекен орталықтандырылған таза ауыз сумен қамтамасыз етілген. Ауданда суды жинау, өңдеу және бөлу бойынша 2 кәсіпорын жұмыс істейді. Оның екеуі де мемлекеттік меншікте. Осы орайда, тұрғындарды таза ауыз сумен қамту мақсатында былтыр республикалық бюджеттен 2,6 млрд теңге қаржы қаралып, Тақыркөл су қоймасының магистральды су өткізгішінің екінші желісі, талап топтық су құбырын кеңейту, Қожамберді, Сүттіқұдық, Жайылма ауылдарының ауыз су жүйелерін жаңғырту жұмыстары басталды. Биыл да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады. Бұдан бөлек, аудандағы үлкен мәселелердің бірі –халықты электр қуатымен толық қамту болып табылады. Осыған сәйкес, былтыр Келінтөбе, Қожакент, Еңбек елді мекендерінің электр желісі жаңғыртылды. Нәтижесінде, электр желілерінің тозу деңгейі 69 пайызға төмендеді. Ал биыл 9 елді мекеннің электр желісі жаңартылады.

Сондай ақ, елді мекендерді көгілдір отынмен қамту мәселесі де өз шешімін тауып келеді. Өкен жылы 5 елді мекенді газдандыруға 2,9 млрд теңге қарастырылған. Осы жобалардың нәтижесінде, Жайылма, Шалқия, Құттықожа, Кейден ауылдарының тұрғындары көгілдір отынның игілігін көруде. Бұл жұмыстар биыл да өз жалғасын табады.
Гүлден СЕРІКБАЙ
04 ақпан 2024 ж. 267 0