№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жігерлі жасқа жұмыс дайын

Жігерлі жасқа жұмыс дайын


Соңғы жылдары мемлекет жастарға үлкен қолдау көрсетілуде. Әсіресе, жұмыссыздық мәселесін шешуде, әлеуметтік әлеуетін көтеру, кәсіпкерлікті дамыту мен түрлі салаға серпін беруде мемлекет тарапынан қамқорлық көп. Бірақ беріліп жатқан мүмкіндіктерді жастар тиімді пайдаланып жүр ме? Міне, осы тақырыпты кеңінен насихаттау мақсатында «Ауыл партиясы» жанындағы «Ауыл жастары» ЖҚ төрағасы Дәурен Рахымбек ауданымызға арнайы келіп, жастармен жүздесті. Түрлі бағыт бойынша
 түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, семинар-тренинг өткізді. Орайын тауып, жастардың көшбасшысы болып жүрген замандаспен тілдесіп, басты бағыт-бағдары жөнінде жан-жақты пікір алмастық.
– Кез келген елдің болашағының баянды болуы жастардың қолында. Өйткені, жастар – қоғамның қозғаушы күші, асқақ арман мен үкілі үміттің символы. Сондықтан олардың жігерлі де, жалынды болуы аса маңызды. Белсенді, патриот, ұлтын шын сүйетін жастардың келешегінен үлкен үміт күтуге болады. Ол үшін оларды бір арнаға тоғыстырып, ынтымақты тірлік ете білуіміз керек. Міне, осындай бағытта біз ауыл-ауылды аралап, кездесулер өткізіп келеміз. Бұл жолғы жоспар бойынша жастарға кәсіпкерлік бағытта түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, беріліп жатқан мүмкіндіктер жөнінде жан-жақты ақпарат берсек деген ойдамыз. Сыр өңіріндегі сапарымызды Жаңақорған ауданынан бастағанды жөн көрдік, 12 дейді ол.
– Жастар арасында бірінші кезекте қандай мәселелер өзекті деп ойлайсыз?
– Қазір кәсіп бастаймын деген жастарға қолдау өте көп. Тек осы бағдарламалар бойынша мәліметтің уақытылы жетпеуі «қолымды мезгілінен кеш сермедімге» соқтырып жатады. Екіншіден олардың идеялары мықты болғанымен құжаттарының сауатты дайындалмауы, яғни жоба шикілігі аяқтан шалады. Грант алуда, жоба қорғауда осы кедергілер жиі көрініс береді. Үшіншіден, ауыл жастары мен қала жастарының білім деңгейінде алшақтық көп. Облыс орталықтардында семинар-тренингтер, бизнес бастаудағы бәсекелестік орта, басқа да кеңістіктер аясы кең. Өзгерістер тез таралып, ол жаңалықтарды жастар тез қабылдап, шешім шығарады. Ауыл жастарының дәрежесі төмен дегіміз келмейді, тек оқу, бизнес жобаны меңгеру бағытында ынта-ықылас төмендігі қынжылтады.
– Жастарға тағы қандай қолдау-көмектеріңіз бар?
– «Инстаграмда» желісінде арнайы парақшамыз бар, әрбір жаңалықтар мен өзгерістерді дер кезінде салып қоямыз. Бұл әлеуметтік желіні қолдануды толық меңгермесеңіздер онда 8 702 955 23 23 менің байланыс нөмерім. Жастардың кез-келген сауалына сол мезетте жауап қайтарамыз. Бұл тек кәсіпкерлік сала бойынша, ал, басқа да мәселелер туындаса бірлесе отырып шешуге жол табамыз. Тағы бір жаңалығымыз, құрылысшылар бригадасын құрып, оның құрамына каникулда жүрген ынталы
– Бұл жоба сәтті жүзеге асып жатыр ма?
– Әлбетте. Биыл елдегі апатты жағдайды оңалту оңайға соғып жатқан жоқ. Біз бірден партия тарапынан бірлесе отырып, ерікті жастар жиналып, штаб құрдық. Ақылдасып, гуманитарлық көмекті елдің әр өңіріне жіберіп отырдық. Содан кейін тағы бір жобаны қолға алдық. ол құрылыс жасағы, яғни құрылыс бригадасын құруды жоспарладық. Алдымен Қарағанды қаласындағы техникалық-құрылыс колледжінің стундеттерінен бригада жасақтадық. Құрылысшыларға арнайы киім жағынан демеушілер табылып, студенттер іске кірісті. Жалақыларын уақытылы алып, 80 жас жұмысқа тартылды. Нәтижесінде 520 үйдің құрылысына көмек бердік. Жақында тұсаукесері өтті. Осы жобаны елдің батыс өңіріне ұсындық. Сырым ауданында  салынып жатқан 114 үйге 40 жасты жұмысқа жібердік. Кеңестік кезең өкілдері құрылыс жасағы туралы жақсы біледі, бұл сол замандағы озық тәжірибе. Міне, біз оны қайта жандандырып жатырмыз.
– Тағы бір әлеуметтік жобаларыңыз бар екен. Осы бастаманың аяқалысы қалай?
– Біз бұл бастаманы Ақмола облысында жүзеге асырып көрдік. Тұрғын жайлары су астында қалған жанұяларға көмек қолымызды созумен қатар өздері асырауға қаздың балапандарын тараттық. «Балық берме, қармақ бер» демекші, кішігірім кәсібін бастасын деген ниетте болдық. Солтүстік Қазақстан тұрғындарына да осы жобаны ұсындық. 100 отбасының әрбіріне тегін 20 қаз балапанын, оған қоса құстың аусағы мен ас-суын тегін тараттық.  Осылай жұмыстар жемісін беріп келеді.
– Соңғы сауал болсын, жастарға мемлекет тарапынан бизнесін бастауына қандай мүмкіндіктер, жеңілдіктер бар?
– Қайтарымсыз қаржы, жеңілдетілген пайызбен берілетін несие, субсидия және «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты жоба да бар. Соңғысын әлі көп жастар біле бермейді. Бұл бағдарламада әрбір жасқа 3 млн теңгеден грант беріледі. Бұл жобаның бір ерекшелігі жастар санатына 18 жастан емес, 14 жастан бастап қатыса алады. «Zhas Project» жобасы әр облыста өзіндік шектеу болса, бұл бағдарламада ондай жоқ. Ол республика бойынша іріктеледі. Ең бастысы, ынта, ниет және ерік-жігер керек. Барлық құжаттар бойынша жауапты мамандар көмекке әркезде дайын.  
– Сұхбатыңызға рахмет!
Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
21 шілде 2024 ж. 3 007 0