Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 534

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Дәрі-дәрмек сапасы қайта қаралады

Дәрі-дәрмек сапасы қайта қаралады

Қазір дәрі-дәрмектің сапасына сын айтушылар көбейді. Бағасының тұрақсыздығы да көңіл көншітпейді.   Осыған байланысты халықты сапалы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі қайта қаралатынын денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.
Халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету сапасына баса назар аудара отырып, қайта қаралады. Министрлік амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін оңтайландыру бойынша жұмысты бастады, – деді Ақмарал Әлназарова ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында.
Министрдің айтуынша, препараттардың сапасына аса мән беріледі.
Кейінгі екі жылда амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамту шығындардың екі есе өсуі алаңдаушылық туғызып отыр. Бұл ретте 41 нозология бойынша пациенттер тек 50%-ке қамтамасыз етіледі. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету көлемінің жалпы өсуіне қарамастан, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету деңгейі төмендеген, – деді А.Әлназарова.
23 ақпан 2024 ж. 1 230 0