№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызылорда облысының 117 мыңнан астам тұрғыны тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген

Қызылорда облысының 117 мыңнан астам тұрғыны тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген


Қызылорда облысында 117 494 адамға дәрі-дәрмек алуға 301 699 рецепт жазылып, олардың жалпы құны 3,5 миллиард теңгеге жуықтады. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Қызылорда облысы бойынша филиалының бас сарапшысы Никита Мясцов мәлімдеді.

Спикер 2022 жылдың қорытындысы бойынша 7,5 млрд теңгеге 181 170 пациент (623 663 рецепт), 2021 жылы 6 млрд теңгеден астам сомаға 184 210 пациент (631 795 рецепт) тегін дәрі-дәрмекпен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілгенін атап өтті.
«2024 жылға ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге бюджеттік өтінім 9,7 млрд теңгеден астам соманы құрады. Қазіргі уақытта алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарынан қосымша өтінімдер жинау жүргізілуде. Біз медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту үшін үнемі жұмыс істейміз және пациенттердің құқықтарын сақтау үшін барлығы жасалуда», - деп атап өтті Никита Мясцов.
Амбулаториялық қамтамасыз ету жөніндегі бұйрыққа сәйкес (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100023885) амбулаториялық науқастарды, оның ішінде ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде балаларды қамтамасыз ету үшін емханалардың дәріханаларында барлық қажетті дәрілік заттар (антибиотиктер, антипиретиктер, құрамында темір бар препараттар, сондай-ақ басқа да ерекше препараттар және т. б.) бар екені атап өтілді.
Қажет болған жағдайда пациенттер тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін СК-Фармацияның байланыс орталығына 1439 қысқа нөмірі арқылы хабарласа алады. Қоңырау шалу тегін.
29 маусым 2023 ж. 247 0