№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Облыста 168 мыңнан астам тұрғын тегін дәрі-дәрмекпен қамтамассыз етілген

Облыста 168 мыңнан астам тұрғын тегін дәрі-дәрмекпен қамтамассыз етілген




Қызылорда облысында 168 752 пациентке дәрі-дәрмекке 619 684 рецепт жазылып, олардың жалпы құны шамамен 7,6 млрд теңгені құрады. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Қызылорда облысы бойынша филиалының бас сарапшысы Никита Мясцов мәлімдеді.
Спикердің айтуынша, 2024 жылға тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде (МӘМС) амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге алдын ала өтінім 8,5 млрд теңгеден астам соманы құрады.
2023 жылғы 31 қазанда тиісті бұйрықпен «ҚР белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы №ҚР ДСМ-75 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Осылайша, «Аритмия» нозологиясы ТМККК-дан МӘМС-ке ауыстырылды. МӘМС жүйесінде амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету сақтандыру мәртебесі болған кезде жүзеге асырылады.
Қалған өзгерістер 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіледі, олармен сілтеме бойынша танысуға болады.
Емханалардың дәріханаларында амбулаториялық науқастарды қамтамасыз ету үшін ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде амбулаториялық қамтамасыз ету жөніндегі бұйрыққа сәйкес барлық қажетті дәрі-дәрмектер (антибиотиктер, антипиретиктер, құрамында темірі бар препараттар, сондай-ақ т.б.) бар екені атап өтілді. 
Қажет болған жағдайда пациенттер қалалық және ұялы телефондар үшін қолжетімді 1439 қысқа нөмірі арқылы «СК-Фармация» байланыс орталығына тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша хабарласа алады. Барлық қоңыраулар тегін.
18 желтоқсан 2023 ж. 229 0