№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖҮГЕРІ СУСЫНЫН БРЕНДКЕ АЙНАЛДЫРҒАН КӘСІПКЕР

ЖҮГЕРІ СУСЫНЫН БРЕНДКЕ АЙНАЛДЫРҒАН КӘСІПКЕР

Бүгінгі нарық заманында әркім өз бетінше жұмыс жасап, кәсібінен нәсіп теруді жөн санайды. Әсіресе, жеке кәсіпкерлігін ашып, өз ісінің өрге домалауын жолға қоюды көздейді. Мәселен, Кейден ауылының тұрғыны Қасым Әбузайырұлы «Кәусар» жүгері сусынын шығаратын шағын кәсіпорынның иесі бұл іске тыңнан дем беріп отырған азамат. Ұлттық сусынның шырайын кіргізіп, іске дем беріп отырған азаматтың кәсібін көруге Кейден ауылдық округіне арнайы бардық. Кәсіпкер азаматтың ауласы түгел жүгері дакылы егілген, ауылға әдемі көрік беріп тұр екен. Таңмен таласа ауыл азаматтары жүгері теріп, жапа-тармағай жұмысқа кірісіп кеткенін аңғардық. Кәсіпті қолға алған Қасым Әбузайырұлы да аппақ жүгеріні сабағынан алып, жүгері дәндерін ортаға жинақтап жатыр екен. Бізде жұмыс барысында кәсіпкермен әңгіме өрбіте бастадық.

Жаңақорғанда өндірілетін «Кәусар» жүгері сусыны «Қазақстанның үздік тауары – 2018» облыстық көрмебайқауының «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымы бойынша жеңімпаз атанғанын естіп, көңілімізді қуаныш кернеді. Одан бөлек, Қызылорда облысы әкімдігі мен облыстық кәсіпкерлер палатасы ұйытқы болған өңірлік байқауда жергілікті кәсіпкерлер «Халыққа арналған үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары», «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясы бойынша бақ сынап, жеңіс тұғырынан көрініп келеді. Шаруасы шираған цехтың жұмысын Қасым Әбжаппаров өзі жүргізіп отыр. – Әуелі бұл істі бастамас бұрын, өзіміз жүгері егіп оны түйіп күнкөріс көзіне айналдырып жүрдік. Бірақ, ол жаз мезгілінде ғана кәсіпке айналды. Қыс уақытында тоқтап қалады. Содан ойлана келе, неге осы жүгеріден сусын дайындамасқа деп ниеттендім. Көп іздендім, ақпарат құралдарынан мәліметтер жинақтадым, шетел тәжірибелеріне де зер салдым. Сонымен осы жүгері сусынын нарыққа шығарып, халыққа ұсынып отырмыз, -дейді кәсіп иесі. Дей тұрғанымен, әңгіме барысында жүгері өсіру бұл – әулеттің ата кәсібі екенін білдік. Олар бұғанасы бекіп еңбекке араласқан кезден жүгері егіп, дәнді дақылдың дәнінен сусын дайындауға машықтанады. Келе-келе дайын өнім шығаруды қолға алып, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 3 миллион теңге қайтарымсыз грантқа ие болады. Қызылорда облысы әкімінің 1 миллион теңге грантына да қол жеткізеді. Осы қаражатқа керекті қондырғыларды, сыртқы қорабын дайындайтын аппарат сатып алып, берекелі істі бастап кетеді. Солан Қасым Абдузайырұлы «Кәусардың» дайындалу барысымен таныстырды. Алдымен жүгері жуылып, ұнтақталады. Сосын цехтағы қазандыққа жеткізіледі. Онда 380 градуста қайнатылып, 12 сағат бойы бұқтырылады. Одан кейін ашытылады. Оған су, майлылығы 1%-тен аспайтын айран қосып, араластырып, арнайы құтыға құяды. Міне, осылай жүгеріні сусынға айналдыру процесі жүреді екен. Кәсіпкердің сөзінше, сусын А, В, С, Е дәрумендеріне бай, оған қоса, калий, магний, қант және т.б пайдалы микроэлементтері бар деседі. Осы тұста айта кетейік, осы жүгері сусынын нарыққа шығармастан бұрын, Қазақ тағамтану академиясының сараптау зертханасынан өткізіп, сапалы, құнарлы сусын деген сертификат алғанын да білдік. Тіпті, мұндай жүгері өнімінен шығатын сусынға Қазақ тағамтану академиясының президенті, академик Төрегелді Шармановтың өзі жоғары бағасын бергенін атап өткеніміз жқн болар. Сол себепті сұраныс өте жоғары. 2018 жылдан бері 300 тоннадан аса жүгері сусыны Қызылорда және Түркістан қалаларына, Шиелі, Жаңақорған аудандарының нарығына жол тартқан. Әсіресе, көктем, жаз мезгілінде тапсырыс көп болады екен. Әйтсе де, соңғы уақытта облыс көлемінде ғана таралып отыр. Өзге аймақтарға шығаруға мүмкіндік бола бермейді екен. Себебі, өзге аймақтарға шығару үшін өте көп құжаттар әзірлеуге тура келеді дейді. Оған әзірге кәсіпкердің мүмкіндігі жетер емес. Бәлкім, алдағы уақытта өзіміз ғана емес, өзге мемлекеттерге де шығаруға мүмкіндік туар. Иа, ауылда отырып-ақ үлкен нарыққа кірген азамат болашақта өндірісін кеңейтуді жоспарлап отырғанын да тілге тиек етті. Біз тәуекелге бел буған, ісін кеңейтіп, өнім өндіріп отырған кәсіп иесі 200 гектар жерге жүгері дәнін сеуіп, “Кәусар” сусынана қажетті шикізатты қамтамассыз етуге еңбек етіп жатқанынан да хабардар болдық. Бұған дейін Қасым Әбжаппаров өзі жетекшілік ететін «Әбділла» шаруа қожалығы жыл сайын жүгері дақылын 10 гектар аймаққа сеуіп, мүмкіндігінше шикізатты алып жүрген екен. Жетпеген жеріне ауыл тұрғындарынан жүгері сатып алып, қажетіне жаратып келгенін де байқадық. Бұл жолы жолы екі есе көлемді жерге дән сеуіп, мол өнім алудың жайын жасап отырғанына қуандық. – Бүгінгі таңда күннің аптап ыстығында құрамын сақтап қалу мақсатында жаңа технологияны ендірдік. Жалпы бұған дейін +16 градуста дәмі қышқылданатын болса, енді құрамындағы қоспалар еш өзгеріссіз қалады. Яғни, шағын зауыттан қалай шықса, дәмі мен құрамы бұзылмаған күйі тұтынушы қолына тиетін болады. Десе де, қазіргідей ыстық ауа райында мүмкіндігінше салқындатып ішкен абзал. Осы тұста айта кетейін, әлі де жан-жанты білім алып, үлкен шаруақожалықтармен тәжірбие алмасып, әлі де атаулы сусынның жай-жапсарын тереңірек үңілуге, бұдан да жақсы етіп шығаруға жұмыс жасап жатырмын. Бізге шикізат жетіспей қалып жатады. Себебі, жүгеріні егіп, оны жинауға көп қол керек. Яғни, заман ағымына қарай үлкен техникалар алуымыз қажет. Егер керекті құралжабдықтарды түгендеп алсақ, өндіріс көлемі бірнеше есеге арта түсетін еді,– дейді Қасым Әбузайырұлы. Иа, кәсіпкердің ісіне дем беріп, қолдау білдірсек, үлкен өндіріс орнынына айналатыны анық. Десе де, жүгеріден жасалған таза табиғи өнім өндіруші кәсіпорын қазірдің өзінде ауылдың 6 адамын тұрақты жұмыспен қамтып, егістік алқабын кеңейтіпті. Ауданның шекарасынан шығып, облыс көлеміне танылған, енді республика деңгейіне шығуды мақсат етіп отыр. Өндірістік қуатын сөз етсек, жылына 800 тонна өнім өндіреді. Кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 2018 жылы облыс әкімінен 1,0 млн. теңге қаржылай көмек сертификатын алды. 2019 жылы Қызылорда облысының «Үздік кәсіпкер» наминациясын жеңіп алды. 2020 жылы жүгері дәнін консервілеу жобасын жасады. 2022 жылы аудан әкімдігінен 300 га жер берілді. 2023 жылы Өңірлік қолдау қорынан 30,0 млн қаржы несие алып, заманауи техникалық құралдарға қол жеткізді. Бүгінде 200 га жер игерілуде, оның ішінде 192 га жүгері 8 га картоп егілген. Осындай, ғылыми тұрғыдағы сараптаудан қанаттанған Қасым Әбжаппаров өзі жетекшілік ететін «Әбділда» шаруа қожалығына тиесілі 15 гектар аумаққа жүгері дақылын септі. Өзі егіс егіп, әрі одан отандық табиғи сусынды шығаруға бел байлаған кәсіпкердің шаруасы ширақ. Еңбектің қай түрінде болмасын ерінбесең ризық табасың. Шағын болса да береке дарыса кез-келген істің алға жылжитыны анық. Алдағы уақытта цехты үлкейту жоспарда бар, – деді кәсіп иесі. Иә, таңмен таласа оянып, күн батқанша тыныш таппайтын Қасым Әбжаппаровтың іске адалдығы, халыққа қолжетімді баға ұсынуы басқаларға үлгі болар деген үміттеміз... Әсел РЗАЕВА
31 тамыз 2023 ж. 1 450 0