№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тығырықтан шығар жол талқыланды

Тығырықтан шығар жол талқыланды

Соңғы күндері егістікке аяқ су жеткізу мәселесі өте өзекті тақырыпқа айналды. Судың тапшылығы, әсіресе дария деңгейінің төмен түсуі шаруалардың әбден мазасын алып, дала еңбеккерлерінің түн ұйқысын төрт бөлуде. Күрішпен күнелтіп отырған ауыл халқына бұл қиын шаруа болғалы тұр. Бұл жөнінде диқан қауымның уайымы заңды. Біз жауапты мамандарға жолығып, сырқатты сауалға жауап алуға тырыстық. Алдымен ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөліміне бас сұғып, мән-жайды зерделедік.

Күрішті суға бастырудың науқаны тоқтатылыпты. Өйткені, бұдан артық егуге келешекте су тауып беру қиынға соғатын түрі бар. Бұл жөнінде бөлім басшысы Талғат Зейдалиев нақты жауап берді.

– Бекітілген күріш егу және суға бастырудың 5 күндік графигіне сәйкес бүгінгі таңда межеленген 8346 гектар күріштің 7428 гектары егіліп, 7151 гектары суға бастырылды. Қазіргі таңда аудан бойынша барлығы 35 насос қондырғысы бар. Оның ішінде облыстық табиғи ресурстар және табиғат ресурстарын реттеу басқармасы арқылы 20 насос, «Қазсушар» РМК филиалы арқылы 7 насос және шаруашылықтардың өз есебінде 8 насос қондырғысы іске қосылған.

Ендігі мәселе су тапшылығы, рас қазір аяқ су өте күрделініп барады. Осының алдын алу бойынша күріш көлемін қысқарту жөнінде шаруаларға ескертілді. Күріш дәл қазір жоспарға сай егілді, егер бұдан артық егетін болсақ вегетациялық кезеңнен алып шыға алмаймыз. Бұл кезең 90-110 күн аралығында жүреді.

– Ал, суға бастырылған күріш алдағы уақытта судан таршылық көрмей ме?

– Тамыз айының 10-нан бастап Шардара су қоймасынан Сырдария өзеніне берілетін нақты 250 кубтан 100 кубқа дейін азаятын болады. Осы кезеңде егілген күрішке суды жеткізіп отыруымыз керек. Қазірдің өзінде 6 кубтан 12 куб су берілді, соның өзін әрең дегенде жеткізудеміз. Сондықтан алдағы уақытта да осы межені ұстап тұру үшін облысқа тиісті хаттетеді. Көктөбе ауылынан 6 шақырым қосымша арна қазу бойынша құжат сараптамада. Егер барлығы ойдағыдай жүзеге асса онда бізге 10 кубтай су қосылады. Ол да уақыттың еншісінде. Қазіргі міндет келген суға бақылау жасап, тұру

– Кейбір шаруалар сусыз қалғанын алға тартуда. Мұны қалай түсінеміз?

– Жоғарыда айтқандай бірінші біз ескерту арқылы жоспарды жүйеледік. Оның ішінде дәнді су көздерінен қашық, биік танаптарға орналастырмау және ротацияны бұзбау жөнінде де нақты айтылды. Осыған қарамастан ротация бұзылып, Қожакент пен Сунақата межені артығымен орындады. Бұл өз кезегінде су тапшылығына әкеледі. Ал, осы күнге дейін суға бастырылған өнім енді барынша күтімге алынады.

– Каналдарды тазалау қалай жүргізілді?

– Биыл ішкі 145 шақырым каналдардың 54 шақырымы тазалану керек болса, соның 48-і ғана іске асырылды. Аққорған ауылдық округінде “Р-11” каналының 6 шақырымы тазаланбай, соның салдарынан күріш егу жоспары кемітілді.

2023 жылы су нысандарын тазалау жұмыстары бойынша облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы арқылы атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталсам. Қыркеңсе ауылдық округіндегі «ОК-1-3» су қашыртқысына 59,5 млн. теңге және Байкенже ауылдық округінен «Дөңбай» каналына 23,7 млн теңге тазалау жұмыстарына бөлінді. Бүгінде осы каналдарға «Табиғат» МКК-мен мемлекеттік сатып алу заңдылығы бойынша тазалау жұмыстарын жүргізу үшін келісім шарттар жасалуда. Су шаруашылығы жұмыстарын жүргізудің жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге облыстық бюджеттен М.Нәлібаев ауылдық округіндегі «К-2-6-1» су қашыртқысына 1,134 млн теңге, «К-2- 6-2-1» су қашыртқысына 0,96 млн теңге қаралды. Аққорған ауылдық округіндегі «Р-16-2-1» каналына 1,2 млн теңге, «Р-16-2» каналына 1,16 млн теңге қаражат бөлінді.
Жалпы каналдар 3 бағытқа бөлінеді. Бірінші, Келінтөбе және Сунақата магистралды каналдары республикалық табиғи су ресурстар комитетінің теңгерімінде.

– Каналдард Ал, “Р-16” сипатындағы каналдар, басқа да су көздері облыстық табиғи су ресурстарының теңгерімінде болса, “Р-11” сипатындағы каналдар ауыл әкімінің иелігінде. Оны жергілікті бюджеттен сметалық құжаты жасалып, облыстық бюджеттен құрылыс монтаждау жұмыстары қаралады. Сондай-ақ, ішкі, яғни, атыз-атыз, каналдар арасындағы су жолдарын жеке шаруалардың өз қаражаттарына тазалануы тиіс.

Сонымен аяқ судың тапшылығын реттеу тек келетін суды бақылаумен ғана шектелмейтінін білеміз. Әрекет ету аса маңызды, бұл бойынша жауапты мекемелер жұмыс жасаудамыз дейді. Дұрыс, десе де ерте қамданғанның ұтары көп. Мұны мамандар жақсы біледі. Ендеше, биылғы егістік бітік шықсын деп тілейік.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
07 маусым 2023 ж. 1 350 0