№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тәуелсіздік тартуы: Ұлы Жібек жолы қайта жаңғырды

Тәуелсіздік тартуы: Ұлы Жібек жолы қайта жаңғырды

Тәуелсіздіктің арқасында жарқын жобалар, байыпты бастамалар жүзеге асып, халықтың әлеуметтік әлеуетіне тірек болды. Оны Жаңақорғанның шежіресі жолына көз салып, жаңарып, жаңғырған істерді бағдарға алу арқылы бағалауға болады. Иә, Тәуелсіздіктің бізге берген басты сыйы – азаттықтың рухын сезініп, салт-дәстүрді жаңғыртуға мүмкіндік алдық. Әлеуметтік-экономикалық тұрғыда да ілгеріледік. Міне, сондай жобаларға тоқталсақ.
Еуразия құрлығының алтын діңгегі, экономикалық қуатының негізі бол­ған Ұлы Жібек жолының бүгінгі бала­масы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық жолының салынуы Тәуел­сіздіктің үлкен жетістігі.
Ғасырдың ғаламат жобасына ба­ланған «Батыс Еуропа – Батыс Қы­тай» халықаралық автожолының 2787 шақырымы Қазақстанның аума­ғы­­нан өтеді. Транзит дәлізін алғаш салу идеясы 2008 жылы 6 ақпандағы Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың Жолдауында бекітілді. Жалпы, халық­аралық жолдың 110 шақырымы Жаңа­қорған ауданына тиесілі. Жол құры­лысын төрт компания 2010 жылы бастап 2014 жылы аяқтады.
Сәл шегініс жасайтын болсақ, балалық шағымыз еске түседі, ауылдан аудан орталығына, Жаңақорғаннан Қызылорда қаласына жетудің өзі қиынның қиыны еді ғой!
Қазір тақтайдай теп-тегіс жолмен Жаңақорғанның шығысындағы Бесарық­тан батысындағы Сунақатаға дейін 40-50 минутта жетуге болады. Қызылорда қаласына барып-қайту үшін 2-3 сағат жеткілікті. Бұрын бір күнін кететін.
Енді халықаралық жолдың маңызына тоқталсақ.
Біріншіден, инфрaқұрылым дамып, тарих қойнауындағы сaуда жолдары жaңа кейіпке енді. «Жаңа Жібек жолы» тек «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізі ғана емес, автомобиль жолдары, теміржолдaр, құбыр жолдaрының жаңаруына сеп болды. Оған біздің ауданда елді мекендерге баратын барлық автомобиль жолдары жөнделгені дәлел. Тек Аққұм елді мекеніне баратын жолға қиыршық тас төселген. Бұл жол 2022 жылы орташа жөндеуден өтпек.
Екіншіден, жaңа Жібек жолы Қазақ­стан мен Ортa Азияның туризм саласы­на зор серпін береді. Саяхатшыларға Ұлы Жібек жолы бойында ортa ғaсырда қандай қалалардың болғaны, ондағы отырықшылық мәдениеттің қалaй да­мы­ғaнын көрсететін бірегей жоба әзірленуде. Бүгінде көне Сауран, Отырар, Сығанақ шаһарының орны жаңару үстінде. Түркістан, Тараз қаласы қайта түлеп, үлкен сервистік қызмет көрсететін орталыққа айналды.
Үшіншіден, «Бaтыс Еуропa – Батыс Қытaй» жолы бойында жолаушылaрға қызмет көрсету ерекше қaрқынмен дамуда. Түрлі жол бекеттері, aс ішіп, аяқ суытатын орындaр, шaғын қонaқжайлар, көлікті шұғыл жөндеу станциялары көптеп ашылып, халықтың бірaз бөлігі жұмыспен қамтылуда. Оған біздің ауданда транзиттік жол бойынша 5 сервистік орталықтың ашылуы дәлел болады.
Төртіншіден, жол қаржы түсіретін ресурсқа айналады. 2021 жылдың қараша айынан бастап халықаралық жол ақылы қызмет көрсетуді бастап, жеңіл және жүк көліетеріне тариф бекітіліп, әр облыс пен ауданның шекаралық аймағында бақылау пунктері қойылды. Яғни экономиканың күретамыры қыз­метін атқарады.
17 желтоқсан 2021 ж. 1 663 0