№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » КҮРЕ ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІК ӘЛЕУЕТІ

КҮРЕ ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІК ӘЛЕУЕТІ

   «Бүгінде Қазақстан арқылы бірнеше трансконтинентальды коридор өтеді. Жалпы, Қазақстан арқылы өткен жүк транзиті 2017 жылы 17 пайызға өсіп, 17 миллионға жуықтады. Транзиттен түсетін жыл сайынғы табысты 2020 жылы 5 миллиард долларға жеткізу міндеті тұр. Бұл инфрақұрылымға жұмсалған мемлекет қаражатын тез арада қайтаруға мүмкіндік береді». Бұл Тұңғыш Президент-Елбасының Жолдауынан үзінді. Яғни, стратегиялық құжаттағы негізгі басымдық – көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру.

Бұл бағытта Сыр өңірін кесіп өтетін күре жолдың бірі – «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» авто­дәлізі еліміздің транзиттік әлеуетін едәуір арттырды. Екі құрлық арасын жалғайтын халық­аралық дәліз интеграциялық үдерістер алаңына айналды. Сондай-ақ бұл транзиттік жол – Қазақс­тан үшін ерекше орын алатын көліктік-коммуникациялық өтеулерді экспорттау формасы және туризмнің дамуына ықпал етіп, шағын қалалар өміріне қан жүгіртетін мега-жоба. Батыс пен Шығысты жалғайтын сауда магистралінің 812 шақырымы Қызылорда облысына тиесілі. Оның 220 шақырымы І санаттағы жолға жатқызылса, 567 шақырымы ІІ-санатта. Ал, Жаңақорған ауда­нынан автодәліздің 310 шақырымы өтеді.
Әрине, көлік қозғалысы көбейген жерде көлікке қызмет көрсететін сервистік орталық­тардың да бойына қан жүгіреді. Қазіргі таңда өңірде автодәліз бойындағы қызмет кешенін көбейтуге барынша күш салынуда. Бұл бір жағынан жолды жағалай орналасқан ауылдық округ тұрғындарына да жұмыс көзі. Жалпы, Қызылорда облысының аумағында жоба бойын­ша 41 сервистік кешен ашу жоспарда бар екен. Ауданның кәсіпкерлік, өнер­кәсіп және туризм бөлімінен алған мәліметке сүйенсек, Жаңа­қорғанда халықаралық авто­дәліз бойынан өткен жылы 5 сервистік қызмет көрсету кешені ашылған.
Атап айтқанда, біріншіден, ДК «Құламетов Абибулла» (оң жақ «В санаты, 1984 км) жол бойы қызмет көрсету кешенінің жобасы. Жобаның құны 62 млн. теңге. Бүгінгі таңда жоба толығымен іске асырылып 10 адам жұмыспен қамтылыған. Одан бөлек көлік жүргізушілеріне толыққанды жағдай жасалған. Яғни, 60 орындық дәмхана, 20 орындық қонақ үй, 16 адамдық монша жұмыс жасап тұр. Көлік нөпірінің артуы кәсіпкердің бизнесін кеңейте түсті. Автокөлікке қызмет көрсету кешенінде де барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Айта кету керек, Әбибулла Құламетов күре жол бойынан нәпақасын айырып, кәсібін кеңейтіп жатқан белгілі кәсіпкердің бірі.
Екіншіден, ауқымды жобаның бірі – ДК «Аружан К» (сол жақ «С санаты, 1984 км) жол бойы қызмет көрсету кешенінің жобасы. Жобаның құны 36 млн теңге. Бүгінгі таңда жоба толығымен іске асырылып 6 адам жұмыспен қамтылған.

25 маусым 2019 ж. 706 0