№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Халық санағы – тарихи сәт

Халық санағы – тарихи сәт

Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен тұспа-тұс келген үшінші халық санағынан күтеріміз көп. Яғни, этникалық құрамды анықтап, халықтың тұрыстық деңгейін бір саралайтын науқан алдағы бағыт-бағдарды бағдарлауда маңызды.
Ұлттық эканомика министрлігінің мәліметінше, Қазақстан халқының саны – 18 034,3 мың адам, оның ішінде, қала тұрғындары – 10 339,4 мың (57,3 процент), ауыл тұрғындары – 7 649,9 мың адамды (42,7 процент) құрайды. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2009 жылы 1999 жылмен салыстырғанда халық саны 1 млн 27 мыңға өскен. Халықтың этникалық құрамы да өзгерген. Қазақтар саны 26 процентке, өзбектер 23 процентке, ұйғырлар 6,8 процентке өссе, орыс, неміс, украиндар мен басқа да этностардың саны азайды. 1999 жылғы санақтың қорытындысы бойынша қазақтардың саны 14 981 281 адамды, ал 2009 жылғы өткізілген санақ нәтижесі бойынша 16 009 597 адамды құрады.
2021 жылдың 29 қаңтарында Жоғары Кеңестің отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасарына арнайы жұмыс тобын құруды тапсырды. Бұл жұмыс тобы санаққа дайындықты пысықтап, ұйымдастыру мен мазмұндық мәселелерін шешумен айналысу тиіс-тұғын. Санақ нәтижесі 2022 жылдың ортасына қарай жариялануы тиіс. Сонымен қатар, Президент санақ барынша сапалы болуы үшін сауалнамаларды мазмұнды толтыру маңызды екеніне назар аударды.
Ал ауданда маңызды саяси науқанға дайындық қалай жүргізіліп жатыр? Биылғы санақ қалай өтеді? Міне, бұл сұрақтың жауабын Статистика басқармасының басшысы Нұрлан Аймахановтан сұрадық:
– Бұл науқан екі этаптан өтеді. Бірінші этап 2021 жылдың 1-30 маусым аралығында, екіншісі, 1 қыркүйектен – 30 қазан аралығында өтеді. Қазіргі таңда, ұлттық халық санағының «Қазақстанда әркім маңызды!» атты ұраны мен логотипі бекітілді. 2021 жылғы халық санағының алдыңғы өткізілген халық санағынан айырмашылығы ақпараттық технологияны қолдана отырып, басым көпшілігінде дәстүрлі әдіспен ғаламтор желісі арқылы және қолайлы-есептеуіш құрылғы (планшет, компьютер) арқылы өткізіледі. Қазіргі уақытта 1-этапты ойдағыдай аяқтадық. Ауданда санақ бөлімі жасақталып 4 нұсқаушы, 2 нұсқаушы-бақылаушы, 15 санақшы уақытша жұмысқа қабылданды. Аудандағы тұрғын жайларды нақтылау бойынша өткізілді. Нәтижесінде тұрғын үйлер мен тұрғын емес ғимараттардың саны болжам бойынша 13542 болса, аудан бойынша 82998 адам саны құрап отыр, – деді басқарма басшысы.
Әлбетте, санақ жүргізу оңай емес. Бұл сөзімізді санақшы Ерболат Айдар растап отыр.
– Қарапайым халық көп нәрсеге мән бермейді екенбіз. Биыл санақшы ретінде уақытша жұмысқа орналасып, біраз дүниені түсініп жатырмын. Әрқайсымызға белгіленіп берген аймақ бар. Тұрғындармен тілдесіп, қандай да бір мағлұмат алу оңай емес. Бірі шынайы жауап беріп, жауаптылық танытады. Ал, екіншісі қойылған сұрақтарға жауап беруге құлықсыздық танытады. Тіпті, кейбір үйлердің егесін таба алмай, әуре-сарсаңға түсеміз. Дей тұрғанымен, биылғы санақтың бірінші кезеңін өте жақсы аяқтадық. Барлығы жүйелі жұмыс жасап, өз істеріне жауапкершілікпен қарады, – дейді ол.
Санақ кезінде күнделікті алынған деректер жинақталып, арнайы қорғалған байланыс каналдар арқылы күнбе күн орталық санақ базасына жіберіліп отырған.
– Халық санағы әкімдіктердің жүргізетін электронды шаруашылық кітабындағы мәліметтердің шынайылығына тікелей байланысты болады. Бірінші кезеңде, барлық елді мекендер бойынша халыққа қызмет көрсететін мемлекеттік және жеке нысан обьектілері толық тіркеуден өтті. Көше бойларындағы үй нөмірлері түгел құжаттандырылды. Екінші кезекте, тұрғылықты халықтың саны, жанұя құрамы, отбасы мүшелерінің жасы, жынысы, әлеуметтік жай-күйі, барлығы сарапталып, мәліметтер базасы планшетке қабылданып, бірден республикалық орталық базаға жолданады. Ол екінші рет қайта тіркелмейді. Электрондық нұсқаның енуі жұмысты барынша тиімді, әрі сапалы атқаруға мүмкіндік беретініне сеніміміз мол. Бұл орайда қоғамның әрбір мүшесі аса ыждағаттылықпен санақ жұмысына дем беріп, өзі және отбасы туралы деректердің нақты әрі дәлдігін қамтамасыз етуге тырысуы керек. Санақ кезінде мекенжайлар бойынша тіркелу пунктері белгіленеді. Санақ жұмыстарына жалпы 100-ден аса адамды уақытша жұмысқа қабылдауды аудандық жұмыспен қамту бөлімі арқылы әрбір ауылдық округтер іске асыратын болады, – деді Нұрлан Ермұратұлы.
Естеріңізге сала кетейік, санақ бөлімі Жаңақорған кенті бойынша кент әкімінің аппараты КММ ғимараты мен «Арман» мәдениет үйінде орналасатын болады. Бұған дейінгі санақтан өзгешелігі, онлайн және планшет арқылы сауалнама жүргізу үшін электронды санақ парақтары әзірленіпті. Онда әр азамат баспана жағдайын сипаттайды, бұдан бөлек, этномәдени сипаттамалар, білім және сауаттылық, көші-қон, неке жағдайы, туу, жұмыспен қамтылуы, күнкөріс көзі және тыныс-тіршілігінің шектелуі туралы жаңа сұрақтар енгізілген.

Әсел РЗАЕВА
13 шілде 2021 ж. 2 402 0