№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Халық санағы қашан және қалай өтеді?

Халық санағы қашан және қалай өтеді?


Тәуелсіздік алғалы 1999 және 2009 жылдары ұлттық санақ жүргізілген. 2020 жылы үшінші санақ өтуі тиіс-тұғын. Алайда карантиндік жағдайға байланысты уақытын кері шегерді. Жалпы санақ он жыл сайын халықтың санын, этникалық құрамы мен тұрмысын талдап отырады. Сондықтан үшінші санақ та өте маңызды науқан деп есептейміз.


Ұлттық эканомика министрлігінің мәліметінше, Қазақстан халқының саны – 18 034,3 мың адам, оның ішінде, қала тұрғындары – 10 339,4 мың (57,3 процент), ауыл тұрғындары – 7 649,9 мың адамды (42,7 процент) құрайды.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2009 жылы 1999 жылмен салыстырғанда халық саны 1 млн 27 мыңға өскен. Халықтың этникалық құрамы да өзгерген. Қазақтар саны 26 процентке, өзбектер 23 процентке, ұйғырлар 6,8 процентке өссе, орыс, неміс, украиндар мен басқа да этностардың саны азайды. 1999 жылғы санақтың қорытындысы бойынша қазақстандықтардың саны 14 981 281 адамды, ал 2009 жылғы өткізілген санақ нәтижесі бойынша 16 009 597 адамды құрады.
Естеріңізге сала кететіні, 2021 жылдың 29 қаңтарында өткен Жоғары Кеңестің отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасарына арнайы жұмыс тобын құруды тапсырды. Бұл жұмыс тобы санаққа дайындық пен ұйымдастыру және мазмұндық мәселелерін шешумен айналысады. Санақ нәтижесі 2022 жылдың ортасына қарай жариялануы тиіс.
Сонымен қатар, Президент санақ барынша сапалы болуы үшін сауал­намаларды мазмұнды толтыру маңызды екеніне назар аударды.
Ал ауданда маңызды саяси науқанға дайындық қалай жүргізіліп жатыр? Биылғы санақ қалай өтеді? Міне, бұл сұраққа Статистика басқармасының басшысы Нұрлан Аймахановтан сұрадық:
– Бұл науқан екі этаптан өтеді. Бірінші этап 2021 жылдың 1-30 маусым аралығында, екіншісі, 1-30 қазан аралығында өтеді (уақыты өзгеруі мүмкін). Қазіргі таңда, ұлттық халық санағының «Қазақстанда әркім маңызды!» атты девизі мен лого­типі бекітілді. 2021 жылғы халық санағы алдыңғы өткізілген халық санағынан айырмашылығы ақпараттық технологияны қолдана отырып, басым көпшілігінде дәстүрлі әдіспен ғаламтор желісі арқылы және қолайлы-есептеуіш құрылғы (планшет, компьютер) арқылы өткізіледі, – деді басқарма басшысы.
Санақ кезінде күнделікті алынған деректер жинақталып, арнайы қорғалған байланыс каналдар арқылы күнбе күн орталық санақ базасына жіберілетін болады. Қазіргі таңда Жаңақорған ауданында Мемлекеттік органдардың бірыңғай транспорттық орталығына барлық елдімекен қосылған.
2021 жылдың сәуір айынан бастап Жаңақорған ауданының Санақ бөлімі ашылып, 4 адам жұмысқа қабылданатын болады. Санақ жұмыстарына жалпы 100-ге жуық санақшы уақытша жұмысқа тартылады. Айлық жалақысына 94 мың теңге белгіленді.
– Халық санағы әкімдіктердің жүргізетін электронды шаруашылық кіта­бындағы мәліметтердің шынайылы­ғына тікелей байланысты болады. Бірінші кезеңде, барлық елді мекендер бойынша халыққа қызмет көрсететін мемлекеттік және жеке нысан обьектілері толық тіркеуден өтеді. Көше бойларындағы үй нөмірлері түгел құжаттандырылуы тиіс. Екінші кезекте, тұрғылықты халықтың саны, жанұя құрамы, отбасы мүшелерінің жасы, жынысы, әлеуметтік жай-күйі, барлығы сарапталып, мәлі­меттер базасы планшетке қабыл­данып, бірден республикалық орталық базаға жолданады. Ол екінші рет қайта тіркелмейді. Электрондық нұсқаның енуі жұмысты барынша тиімді, әрі сапалы атқаруға мүмкіндік береді деп күтілуде. Бұл орайда қоғамның әрбір мүшесі аса ыждағаттылықпен санақ жұмысына дем беріп, өзі және отбасы туралы деректердің нақты әрі дәлдігін қамтамасыз етуге тырысуы керек. Санақ кезінде мекенжайлар бойынша тіркелу пунктері белгіленеді, – деді Нұрлан Ермұратұлынан.

P.S.: Жалпыұлттық санақ елдің әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды рөл атқаратынын ескерсек, жаңақорғандықтар бұл саяси науқанға жауапкершілікпен қарайды деген сенімім зор.

Әсел РЗАЕВА

18 ақпан 2021 ж. 666 0