№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚАЗАҚСТАНДА ӘР АДАМ МАҢЫЗДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ӘР АДАМ МАҢЫЗДЫ

Биыл елімізде маңызды науқан жалпыұлттық санақ өтеді. Бұл – Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы үшінші санақ. Бұған дейін 1999 және 2009 жылдары жүргізілген. Әр он жыл сайын өтетін науқан екі кезең бойынша халықтың санын, этникалық құрамы мен тұрмысын, бұрынғы есептермен салыстыра отырып, өзгеру серпініне талдау жасайды. Еліміз үшін елеулі науқанға Жаңақорған ауданында  арнайы төрт адамнан санақ бөлімі ашылып, дайындық жұмыстары жүргізілуде.


 «Қазақстанда әркім маңызды!» осындай логотиппен биыл елімізде жалпыұлттық халық санағы өтеді. Оған әрбір Қазақстандық атсалысу маңызды.
Ел Үкіметінің 2010 жылғы 11 қазандағы Ұлттық санақтарды өткізудің ережелері мен мерзімдері туралы қаулысына орай, республика азаматтарын санау әрбір он жыл сайын жүргізілуі тиіс. Осыған сәйкес, 2009 жылдан кейін былтыр өтуі тиіс есеп бір жылға шегеріліп биылғы жылға қалдырылды. Десе де бұл санақ еліміз үшін маңызды саяси оқиға болары анық.
Халық санағы – бірнеше жыл жоспарланатын, кең масштабтағы, саяси іс-шара. Санақ өткізу туралы шешімді Үкімет қабылдайды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы №419 қаулысы шықты. Халық санағы халық жөнінде салыстырмалы толық әрі обьективті ақпараттар алуға, белгілі бір кезең ұзақтығына елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлауға мүмкіндік береді.
Аз-кем санақ тарихына көз салсақ. Халық санағы алғаш рет 1897 жылы жүргізілген. Бертін келе заман талабына сай халық санағының мақсаты мен саяси дәрежесі түрлене түсті. Алғашқы санақ Ресей империясының мүддесіне орай жүргізілсе, одан кейінгі есеп социализмнің жетістіктерін мадақтаумен шектелді. Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болғалы ел мүддесін айқындап, мемлекеттік мұрат мақсатында санақтар жүргізіле бастады. Ал бұл жолғы халық санағының нәтижесі елдің соңғы жылдарғы жетістіктерін саралап, халықтың демографиялық жағдайын айқындайтын басты құрал.
2020 жылғы халық санағының бұрынғыдан өзгешелігі ақпараттық технологиялар кеңінен қолданылады. Өткен санақтарда қағаз парақтары қолданылса бұл жолы электронды форматта яғни, онлайн режимде тұрғындар сауалнамаларды өздері толтырады. Екі кезең бойынша өтетін науқанның бірінші кезеңі 27 шілде – 25 тамыз аралығы. Бұл мерзімде интервьюерлер елді мекендерді картаға енгізіп, тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардың мекен жайын, ондағы адамдардың нақты санын анықтайды.
II-кезең 1-30 қазан аралығында тұрғындарды жаппай халық санағынан өткізу жұмыстары жүргізіледі. 1-15 қазан онлайн режимінде, 1-30 аралығында планшет құрылғысымен тұрғындар арасында сауалнама жүргізеді. Науқанның екінші пайдалы тұсы тұрғындардың компьютерлік сауаттылығын арттыруда септігі мол.
Жалпыұлттық санақты өз дәрежесінде сапалы жүргізу үшін аудан және ауылдық округ әкімдіктері мен жауапты бөлім басшыларымен бірлесе жұмыс атқару қолға алынды. Арнайы құрылған санақ бөлімі берілген тапсырмаға сәйкес кент және ауылдық округ тұрғындарына түгендеу жұмыстарын жүргізуде.
Жалпыұлттық санақ елдің әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды рөл атқаратынын ескерсек, жаңақорғандықтар бұл саяси науқанға жауапкершілікпен қарайды деген сенімім зор. Осы орайда сіздерді бірлесе жұмыс атқаруға шақырамын.
Жаңақорған ауданының
Статистика басқармасының басшысы
 Нұрлан Аймаханов
 
26 маусым 2020 ж. 1 407 0